Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Жастар • 22 Ақпан, 2024

Швейцариядағы Рамазан

«Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады», деп халқымыз қалай тауып айтқан. Қазір талаптанған қазақ баласы шетел асып, білім іздейді. Рамазан Құрбанбаев Швейцариядағы «Cesar Ritz Colleges» университетінде қонақүй ісі мамандығының 4-курсында оқиды. БИЛ-дан шыққан білімді бозбала сол оқу орнының президенті болып сайланған.

Қоғам • 21 Ақпан, 2024

«Күміс» зейнеткерлер

Елімізде егде жастағы жандарға арналған «Күміс университет» жобасы 2021 жылдан бастап іске асты. Ол заманауи IT-технологияларды, шет тілін, құқықтық және қаржылық сауаттылықты, кәсіп түрлерін үйретеді. Бүгінде бұл бағдарлама бойынша 32 университетте 1500 ізденуші түрлі бағытта білім алады. Жақында оқыту бағдарламасы негізінде әдістемелік ұсынымдар қайта бекітілді.

Технология • 20 Ақпан, 2024

Ой оқиды

Жасанды интеллект адам миының компьютерлік томографиясына қарап ой оқуды үйренді. Бұл инсульттан кейін сөйлеу дағдыларын жоғалтқан адамдарға көмектеседі.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Арманы – Google-ге қызметке тұру

Елімізде цифрлық даму үдерісі өріс алып келеді. Әсіресе осы салаға бет бұрған жастардың қарасы көп. Цифрлық технологияны жетік меңгеріп, IT-дің қыр-сырын білетін өрендер бар. Соның бірі – Әмір Сятов. Ол 14 жасында-ақ ай сайын цифрлық сала арқылы 400 мың теңге тауып отыр.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2024

Елге керек ерекше кампус

Бурабайдағы IQanat мектебінде елдің түкпір-түкпірінен келген 600-ге жуық ауыл баласы білім алады. Отандық кәсіпкерлердің көзі түскен оқу ордасына Тимур Турлов ғажайып ғимарат сыйға тартты. Планетарий, амфитеатр және дыбыс жазу студиясы бар жаңа кампустың құны – 2,7 млрд теңге.

Білім • 12 Ақпан, 2024

Білімдегі ынтымақтастық

Бішкекте отандық Педагогикалық ше­бер­­­лік орталығының филиалын ашу жос­пар­ланып отыр.

Технология • 08 Ақпан, 2024

Жасанды интеллект һәм жүлдегер жазушы

Ойдың киесін сөзге дарытып, қолға қалам алып жазу адамзатқа ғана тән деп ойлаушы едік. Дегенмен осы киелі кеңістігімізге технология еніп кеткендей. Жақында ғана Жапонияның белгілі әдеби сыйлығын иеленген жазушы өзіне «ChatGPT» көмектескенін мойындады.

Көрме • 07 Ақпан, 2024

Біртүрлі көрме

Кез келген елде дәстүрлі сурет галереялары мен сәулет ескерткіштерінен бөлек көрген адамды таң-тамаша қылатын ерекше көрмелер бар. Ерекшелері ғана ұмытылмас экспонатқа айналып жатады. Соның бірегейі – «Телефон қойлар» көрмесі.

Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Әлеуметтік әмиян

«Қазақтелеком» мен «Қазпошта» бірлесіп «әлеуметтік әмиян» жобасын қолға алды.

Білім • 06 Ақпан, 2024

Колледждегі бір күн

Кәсіптік білімнің сапа­сы жұмысшы маман­дар біліктілігіне тікелей әсер етеді. Оқу-ағар­ту ми­нис­трлігінің мәлі­метінше, қазір елімізде 772 колледж бар. Экономикамыз колледж түлектеріне көбірек мұқтаж екені анық. Статистика бойынша жұмыс беру­ші­лердің 79 пайыздан астамы жұмысшы біліктілігін қажет етеді. Олар жабылып қалған жұмыс орындары мен жылыстап бара жатқан дағдылар арасындағы кеңіс­­тікті жояды. Ел да­муы­ның бір бағытына айналар маман дайындайтын колледж тыныс-тіршілігін білу үшін Астана қаласындағы «Басқару» кол­леджіне бардық.