
Экономика • 06 Желтоқсан, 2024
Әлеуеті артқан әлеуметтік сала
Білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту – кез келген мемлекеттің келелі мәселесі. Елімізде осы міндеттердің шеңберінде бірқатар реформа жасалып, маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл, әсіресе, әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру салаларын жаңғыртуға жіті назар аударылды. Бұған бюджеттің 52,8%-ы әлеуметтік салаға бағытталғаны дәлел.
Салық • 03 Желтоқсан, 2024
Салық та адалдықты талап етеді
Салық – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен қоғамдық игілігін ілгерілететін басты құрал. Азаматтардың адал төлемдері арқылы денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым сынды маңызды салалар қаржыландырылады. Алайда салық жүйесінің тиімділігі халықтың сенімі мен мемлекеттік басқарудың ашықтығына тікелей байланысты. Биыл елімізде 12,5 трлн теңгенің орнына 9 трлн теңге салық түскен. Яғни 10 айдың салық жоспары 27,6%-ға орындалмай тұр.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2024
Жауапкершілік пен кәсібилік салаға серпін береді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру саласын дамыту, сонымен қатар теміржол мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселесі талқыланды.
Кәсіпкер • 22 Қараша, 2024
Оңтүстіккореялық экономист Ха-Джун Чанг «Барлық сұрақтарға бір ғана дұрыс жауабы бар ғылым – экономика емес. Ол – әртүрлі теориялық көзқарастар бір-бірімен бәсекелесетін, нақты жағдайларға қарай бірнеше мүмкін шешімдер ұсынылатын ғылым» дейді. Плюралистикалық тәсіл экономикалық құбылыстарды жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Біз де осы көзқарасқа біртіндеп келе жатқандаймыз. Себебі «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов «bottom up» моделіне жіті назар аударып, палатаның жаңа тынысын ашпақшы.
Теңге • 15 Қараша, 2024
Еліміздің коллекциялық монеталары қайталанбас дизайнымен ерекшеленеді. Ең қызығы, көркемдік шеберлігі мен жоғары сапасы үшін халықаралық беделді марапаттарға біршама рет ие болған. Олардың қатарында «Coin Constellation», «Coin of the Year», «Iaca excellence in currency awards», «Vicenza Numismatica» және басқа да марапаттар бар.
Сұхбат • 15 Қараша, 2024
Қадыржан Дамитов: Банк жүйесінде ауқымды жұмыс атқарылды
Қадыржан Қабдошұлы Дамитов – ұлттық қаржы нарығын құрудың басы-қасында болған білікті маман. 1994-1997 жылдары – Ұлттық банк төрағасының орынбасары, 1998-1999 жылдары Ұлттық банк төрағасы болып қызмет етті. Теңге мерекесі қарсаңында бас банктің бұрынғы басшысымен сұхбаттасқан едік.
Теңге • 15 Қараша, 2024
Теңге дизайнында тек те, тегеурін де бар
Биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 31 жыл толды. Алғашқы дербес банкнотымыз Батыс валюталары үлгісімен жасалса да, ұлттық нақышты қамтитын бірегей стильге ие еді. Төл валютамыздың қазіргі келбеті мемлекеттік әрі ұлттық құндылықтарды айшықтайды. Жылдан-жылға дизайны жаңарып, заманауи қауіпсіздік талаптарына сай дамып келеді. Қазір теңге тек төлем құралы емес, елдігіміздің бірегей нышандарының біріне айналды.
Сараптама • 14 Қараша, 2024
Инвестиция су саласына серпін береді
Инвестиция иірімінде Impact Investing ұғымы бар. Ол әлеуметтік әсерлі инвестиция дегенге саяды. Яғни әлемге оң әсер етуді көздейтін инвестицияның ерекше түрі. Бұл тұжырымдама арқылы инвесторлар мектеп, аурухана, таза энергия жобасы, су ресурстарын қорғау сияқты қоғамға пайдалы жобаларды қолдайды. Сондай игі инвестиция біздің елдің де есігін қақты. Бакудегі Дүниежүзілік климат саммиті аясында Ислам даму банкінің (ИДБ) елімізде су ресурстарын дамыту жобасына ауқымды инвестиция құятыны мәлім болды.
Қаржы • 08 Қараша, 2024
Цифрландыру қаржылық қызметті оңтайландырады
Қаржы саласын тиімді басқару, соның ішінде бюджет қаражатының орынды пайдаланылуы, кірістердің ұлғаюы, шығындардың қатаң бақылауда болуы әл-ауқатты арттырады. Дүниежүзілік банктің зерттеуінше, цифрлық жүйе дамыған елдерде бюджетті басқару тиімділігі 20%-ға артып, жемқорлық деңгейі 10%-ға төмендеген.
Инвестиция • 06 Қараша, 2024
Мемлекет пен инвестор мүддесі қалай тоғысады?
Кейінгі жиырма жылдықта отандық мұнай-газ саласына ондаған млрд доллар инвестиция құйылды. Былтыр ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) мұнай-газдың жалпы қосылған құнының үлесі 16,2% болып, шығару көлемі 20,14 трлн теңгеге жетті. Жақында өткен «Dialogue Investment Forum»-да саладағы инвестициялық тартымдылық, мұнай-газ саласын дамытудың тәуекелі мен келешегі, геологиялық барлау мәселесі талқыланды.