Футбол • 14 Қараша, 2025
Футбол клубтарын жекешелендіру – уақыт талабы
Биыл елдегі бірнеше футбол клубы жекешеленіп, коммерциялық бағытқа көшті. Футбол – ұқсата білгенге пайданың көзі. Әлемде ең көп таралған әрі жанкүйері қара орман спорттан көл-көсір табыс тауып отырған елдердің осы саладағы тиянақты тыныс-тіршілігі баршаға үлгі болуға тиіс. Жүйелі істің жүлгесін тауып, тиегін ағыта білген мемлекеттердің ырысын футбол еселеп тұр. Ал бізде қалай?
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Көші-қон тұжырымдамасы мәселенің түйінін тарқата алады
Ішкі-сыртқы көші-қон саясатын оралымды жүргізу, күрмеулі мәселесін оңтайлы шешудің стратегиялық маңызы зор. Атажұртына керуенін бұрған ағайынға жан-жақты қамқорлық таныту – елдіктің белгісі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке ел ішінде ғана емес, шетелдегі көші-қонды реттеп, есебін жүйелейтін бірыңғай цифрлық платформа енгізуді тапсырды. «Еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына, шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді. Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс. Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуы жұрттың бәрі тұрғысы келетін ірі қалаларымыздың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіріп отыр», деді Президент.
Футбол • 07 Қараша, 2025
Тегеурінді командаға төтеп берді
Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші матчын өткізді. Сырт алаңда «Интер» (Милан, Италия) командасына қарсы ойында тағы да жеңіліс тапты.
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Өндірістегі жарақат көрсеткіші төмендеді
Ел көлемінде өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шегу дерегі азайып келеді. Биылғы тоғыз айда оқыс жайттан 934 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 133 адам қайтыс болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өндірісте жарақат алу дерегі 3,4%-ға төмендеген.
Бокс • 01 Қараша, 2025
Қайсар қыздың арманы – Олимпиада алтыны
Бокстан ерлер мен әйелдер арасында кезекті әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында өтті. Құрылғанына бірер жылдың мұғдары болған World Boxing ұйымы жаһан додасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Еліміздің қыз-жігіттері әлем чемпионатынан 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап қайтты. Әнұранымызды жеті мәрте шырқатқандардың арасында Алуа Балқыбекова да бар.
Спорт • 31 Қазан, 2025
Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Өркениеттің көшін бастап тұрған мемлекеттер спорт пен саламатты өмір салтын ұлттық идеология дәрежесінде дәріптейді. Өйткені дені сау ұлт қана елдің тірегіне айналады.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Әлеуметтік жәрдемақы жүйеленіп келеді
Биылғы жыл басынан бері мүгедектік санатына өткендер мен асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 436,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке жарамайтын жандарға, сонымен қатар асыраушысынан айырылғандарға шамамен 59,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер аударылды.
Спорт • 25 Қазан, 2025
Елордада бүгін үстел теннисінен Президент кубогі халықаралық турнирі басталады. Кеше Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad үстел теннисі академиясы ұйымдастыратын тартыстың баспасөз мәслихаты өтті.
Футбол • 24 Қазан, 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайын олжалады. Кипрдің «Пафос» клубымен «Орталық стадионда» тең түсті.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Отбасы мен әулет құндылығын асқақтатқандар
Астанада Республика күні қарсаңында дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Әр өңірдегі аймақтық іріктеу сынында дараланған отбасылар сыйға кенеліп, құрметке бөленді.