
Мәдениет • 10 Қыркүйек, 2024
Елорда төрін дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталғанын көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарға құшағын жайған «Көшпелілер әлемі» этноауыл да жұмысын бастады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 07 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталады
Төрткүл дүниенің назарын аударған көшпелілер ойындарының ертең салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Апта бойы елорда төрінде этноспорт додасы қызып, мәдени, ғылыми бағыттағы іс-шаралар елдігімізді әйгілей түсетіні сөзсіз. Он жылдан бері жүлгесі үзілмей келе жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында алты құрлыққа сауын айтылды. Әлемнің таңдаулы ақпарат құралдары Арқа төсінен тікелей хабар таратады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024
Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында 89 мемлекеттен келетін қатысушылар 21 спорт түрінен тартысқа түседі. Ең көп медаль жиынтығы күрес түрлеріне бөлініп отыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен сайыс 13 қыркүйекте «Қазанат» ипподромында өтеді. 12 қыркүйекте мандаттық комиссия мен төрешілер алқасының отырысы болады. Өкілдер мен жаттықтырушылар да арнайы жиынға қатысып, бәйге ережесін талқылайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 04 Қыркүйек, 2024
Көкпарда аттың да күші сыналады
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының түңлігі түрілуіне санаулы күн қалды. Ұлттық спорт аламанына әр құрлықтан келетін спортшылар апта бойы елорда төрін дүбірге бөлемек. Қалың жанкүйер көкпар додасы мен қырғыздың көкбөрі ойынын асыға күтетіні анық.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бақ сынайтын ұлттық құрама мүшелері қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Этноспорт додасында сайысқа түсетін спортшылардың дайындығын БАҚ өкілдері де бағамдап қайтты.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2024
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Паралимпиада додасында қоржынымызға күміс медаль түсті. Паранысана көздеуден жазғы Паралимпиада ойындарында жерлесіміз Еркін Ғаббасов R1 санатында винтовкамен 10 метр қашықтықтан сынға түсіп, 247.7 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.
Спорт • 30 Тамыз, 2024
Спорт саласына ауқымды реформа керек
Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, депутаттық корпустың өкілдері, сала ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, білікті бапкерлер және өңірлік басқармалардың, федерациялардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 30 Тамыз, 2024
Бір жылдан аса уақыт қызу дайындық жұмысы жүргізілген Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. 21 спорт түрін қамтитын аламанда спортшылар 97 медаль жиынтығы үшін тартысқа түседі. Дүбірлі дода қарсаңында ұлттық құрама саңлақтары елорда төрінде әзірлікті пысықтап жатыр. Алдағы күндері өзге мемлекеттен келетін командалар да ат басын Сарыарқаға бұрады.
Сұхбат • 28 Тамыз, 2024
Исламбек Салжанов: Көшпелілер ойындары төл спортымызды жаңа белеске шығарады
Санаулы күннен кейін Астанада төрткүл дүние көз тіккен Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталады. Апта бойы Арқа төсінде этноспорт Олимпиадасының туы желбіреп, көшпелі халықтардың көшелі өркениеті әлем назарына ұсынылмақ. Бұл ретте этноспорт түрлері екпін алып, биік белестен асуы үшін Ұлттық спорт қауымдастығы құрылып, бірнеше жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2022 жылы Ұлттық спорт қауымдастығына «Алтын қыран» қорының президенті Исламбек Салжанов сайланды. Іргелі істің шаруасын екі жылдан бері тізгіндеген басшыдан ұлттық ойын түрлері өрісін ұлғайту бағытында атқарылған һәм келешектің еншісіндегі жоспарды сұрадық.