Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 26 Тамыз, 2024
Аударыспақтан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын енді Астана қаласында жалғастырады. Бұған дейін Алматы облысында жаттығу жүргізіп, 6 тамыздан бастап додаға дайындықты күшейтті.
Өнер • 26 Тамыз, 2024
Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа мұрал салынды. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі жақындап қалғанын әйгілейтін мұралда жамбы атушы мерген бейнеленген.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
8-13 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысатын командалар сайыс түрлерінен әзірлікті пысықтап жатыр. Этноспорт ойындарының бағдарламасына асық ату спорты да еніп, ұлттық ойынымыздан өтетін додаға 15 мемлекеттен команда келмек.
Медицина • 23 Тамыз, 2024
Бес адамға өмір сыйлаған донор
Донор тапшылығы – әлемдегі өзекті мәселенің бірі. Жыл сайын кезегін күтіп, донор жетіспеушілігінен қайтыс болатын науқастардың да қатары артпаса, кеміген емес. Көз алдында келместің кемесі таяп келе жатқанын жүрегімен сезінген сырқаттың ажалына араша түсуде донордың маңызы зор. Ал ғайыптың күшімен трансплантация жасалып, ағзасы ауысқан жандардың қалай кенен шаттыққа бөленетінін дәрігерлер қауымы түсінеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына көкпар ойынына қатысуға ықылас танытқандардың арасында АҚШ құрамасы да қызу әзірлік өткеріп жатыр. Әлеуметтік желіге оқу-жаттығу жиынын жариялаған ковбойлар Астана төріндегі дүбірлі доданың жүлдесінен дәмелі. Америкалық көкпаршы Ник Уиллерт өзінің жеке дайындығын жариялап, командасындағы өзге де әріптестерінің әзірлігі жоғары екенін мәлім етті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024
Құсбегілердің қырағылығы сыналады
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында құсбегілердің де шеберлігі сыналады. Еліміздің құсбегілері Ақмола облысында дайындықты пысықтап, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Туризм • 22 Тамыз, 2024
Қоршаған ортаның тазалығын бақылайды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізінде қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық іс-шара басталды. Бір ай бойы жүргізілетін акцияға 1,5 мыңнан аса адам қатысып, 300 мониторингтік іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 20 Тамыз, 2024
Сайын даланы дүбірімен тербейтін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында садақшыларға да зор сенім артылып отыр. Олар елордадағы «Қазанат» атшабарында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдап жатыр.
Спорт • 20 Тамыз, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Этноспорт аламанында толағайлар тартысы тұңғыш рет ұйымдастырылмақ.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2024
8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен дүбірлі дода өтеді. «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлейтін бәйгеге қандай жүйріктердің қосылатыны іріктеу сайыстарынан кейін анықталады.