Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 10 Қыркүйек, 2024

Өзбекстан құрамасын айқын жеңді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының топтық кезеңдегі тартысын бастаған еліміздің құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті. А тобында Өзбекстан ұлттық құрамасына қарсы ойнаған көкпаршылар 16:0 есебімен айқын ұтты.

Өзбекстан құрамасын айқын жеңді

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Ман­кеев өзбек көкпар­шы­ларының әлсіздік танытуына өз аттарын әкелмеуі әсер еткені айтады.

«Дүбірі дүйім жұртқа жа­йылған көшпелілер ойында­рының ізашар тартысын өт­кізген құрама ойыншылары жеңіске жеткені қуантып отыр. Тактикалық жоспардың орындалуын, жігіттердің физи­калық дайындығын да бай­қап көрдік. Осы қарқынды бәс­еңдетпей, көкпардан Дүние­жү­зілік көшпелілер ойындарының чемпионы атануға барымызды саламыз», деді бас бапкер.

Ұлттық құрама мүшесі Абы­лайхан Нышанбеков қашанда алғашқы ойынның жеңіл соқпай­тынын айтты.

«Аттардың да күшін, өзіміздің де қарымымызды сынап көрдік. Қарсылас команданы ойсырай ұтылғанына қарап осал деуге келмейді. Біздің жігіттер барын салып, өз шеберлігін көрсетті. Алда әлі де тартысты ойындар күтіп тұр, жан­күйер­лерді қол­дауға шақырамыз», деді А.Ны­шан­беков.

Көкпардан ұлттық құрама енді өз тобында Ресей, Қытай, АҚШ құрама командасына қарсы ойын өткізеді. В тобында Қырғызстан, Моңғолия, Мажарстан, Түркия құрамалары сынға түседі. Кеше А тобындағы бірінші ойынды өт­кізген Ресей құрамасы Қытай көк­паршыларын 4:1 есебімен ұтты.

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына көкпардан 9 мем­лекеттің командасы қатысады. Жалпы, 104 көкпаршы тіркел­ген. Сайыс «Қазанат» иппо­дромының алаңында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50