Футбол • Кеше
Бүгін футболдан кезекті әлем чемпионатының түндігі түріледі. Төрт жылда айналып соғар жаһандық аламанның беташар ойыны Мексика астанасында өтеді. Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионы жаһандық доданың дүбірін бастап береді. Чемпионаттың ашылу матчында Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары кездеседі. Ойын 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) басталады.
Туризм • Кеше
Туризмге серпін берген бастамалар
Туризм – экономиканың өсімін қамтамасыз ететін әрі еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында туристік нысандарды сапасын арттырып, келешегі зор бағыттардың әлеуетін нығайтуды тапсырған еді.
Экономика • 10 Маусым, 2026
ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, адам капиталын дамыту әрі әлеуметтік тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылып келеді. Жұмыскерлердің кәсіби дамуына, отбасыларды қолдауға сондай-ақ өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, бұл міндеттерді шешуге еліміздің ірі жұмыс берушілері елеулі үлес қосып отыр.
Форум • 09 Маусым, 2026
Экология – өндіріс үдерісінің ажырамас бөлігі
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен экологиялық форум өтті. Жиынға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың экологтары, салалық сарапшылар мен шақырылған спикерлер қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – газ тасымалы саласында экологиялық жүктемені азайтудың тиімді жолдарын қарастыру және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын өндіріске енгізу болды.
Экология • 05 Маусым, 2026
Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі
Бүгін – Дүниежүзілік экологтер мен қоршаған ортаны қорғау күні. Экология мәселесі әрдайым стратегиялық маңызға ие. Сәт сайын сан құбылып, мінез танытатын жаһандық климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарға деген қызығушылық қоршаған ортаға әсер етпей қоймайды. Тіршілік көзі саналатын су қорының тартылуы, өндірістің сан салалы өркен жаюы экологиялық қауіпсіздікке әрдайым баса назар аудару қажеттігін аңғартады.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ерекше балаларға – елеулі көзқарас
Елімізде аутизм сырқатына шалдыққан балалардың саны кейінгі жылдардың бедерінде күрт өсіп отыр. Аутизм спектрінің бұзылысын ерте анықтап, емдеуге ерекше екпін салудың маңызы жоғары. Тіпті кеселдің алғашқы белгілері қылаң берген сәттен-ақ дәрігер мамандардың еміне жүгіну қатер бұлтын сейілтуге септеседі.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Сәуірдің 11-нен 12-не қараған түнде елорданың Есіл ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан кәмелетке толмаған үш бала ажал құшып, аналары ауруханаға жеткізілді. Жедел жеткен төтенше жағдай қызметкерлері әбжіл әрекет етіп, бірнеше адамды эвакуациялады.
Білім • 14 Сәуір, 2026
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Биыл жыл басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курс оқып, сертификат алды. Платформада барлығы 1,3 миллионнан астам адам тіркелген.
Бокс • 11 Сәуір, 2026
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Екі аптаға ұласқан бәсекеде боксшылар құрлық үздігі атануға барын салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатынан 3 қола, 1 күміс, 4 алтын медаль олжалады.
Бокс • 10 Сәуір, 2026
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты түңлігін түсіреді. 12 күнге ұласқан құрлық аламанында 21 елдің боксшылары бақ сынады.