Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2459 материал табылды

Қылмыс • 21 Тамыз, 2024

Заңсыз әрекеттің жолы кесілді

Өкінішке қарай, азаматтардың құқығын бұзу дерегі азаяр емес. Мұндай өрескел әрекет балтыры сыздап, басы ауырған жандар жүгінетін дәрігерлер тарапынан да болып отыр. Тіпті кей дәрігерлер азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеуді әдетке айналдырған. Мәселен, Атырау облысындағы Жылыой аудандық прокуратурасы Құлсары қаласында есепте тұрған 4 мыңнан аса науқасқа тегін дәрі-дәрмектің берілмегенін анықтады.

Қоғам • 20 Тамыз, 2024

«Бәйге берем жығылған балуанға да...»

Париж Олимпиадасының дүбірі әлі басыла қойған жоқ. Дүбірлі додада аты­рау­лық спортшылар атынан дзюдошылар Әбиба Әбу­жақынова мен Эсмигүл Кую­лова бақ сынады.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Шаруаны алаңдататын мәселе

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы мамандарымен, шаруалармен кездесті. Өйткені бұл аудан тұрғындарының дені осы салада жұмыс істейді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2024

Шетелдіктерді қызықтыратын мекен

Атырау облысында туристер қызығатын орын жетерлік. Қазір мұнайлы өңірдің тарихи және өзге орындарына қызығушыларды тартатын 200-ден аса туристік мекеме тіркелген.

Қоғам • 09 Тамыз, 2024

Тілсіз жаудың құрбаны

Атырау облысының су айдындарына шомылуға әлі рұқсат берілген жоқ. Басты себеп – табиғи сипаттағы төтенше режімнің әлі де сақталуы.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2024

Бұқаралық спортқа бетбұрыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңызды екенін баса айтты. Өйткені дені сау ұрпақ өсірудің тиімді жолы – бұқаралық спортты ілгерілету.

Оқиға • 08 Тамыз, 2024

Сіріңкеден құралған сурет

Атыраудың көшелерін артқы әйнегіне Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің портреті салынған жеңіл көлік кезіп жүр. Чемпионның бейнесін көлік иесі сіріңкеден құраған.

Өндіріс • 08 Тамыз, 2024

Байырғы кәсіпорынның байыпты қадамы

Атырау облысындағы байыр­­ғы кәсіпорынның бірі – мұнай өңдеу зауыты. Байыр­ғы дейтініміз, 1945 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Әрине, техно­­ло­гиялар ескіреді. Сол се­беп­ті 2001 жылдан бері үш рет жаңғырту жүр­гізілді.

Баға • 07 Тамыз, 2024

Бағаны негізсіз өсіру белең алып тұр

Мұнайлы өңірде жыл сайын тұрақтандыру қорында сақталатын әлеуметтік маңызға ие азық-түлік қорын көбейтуге назар аударылып отыр. Мәселен, кейінгі 3 жылда осындай тауарлар қоры 3,5 есе ұлғайған.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2024

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мол

Мемлекет басшысы экономиканы өркендету үшін терең өңдеуге көшу, өнімнің ішкі құнын арттыру мәселесіне көңіл аударып отыр. Мұндай қадам экспорттың шикізаттық бағытынан бас тартып, отандық экономиканы әртараптандыруға жол ашады. Осы орайда өңірге сапармен келген Премьер-министр индустриалды жобаларды іске асырып жатқан компаниялар жұмысына, мұнай-газ химиясы секторының дамуына назар аударды.