
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Азғыр полигонының зардабы зерттеле ме?
Атырау облысының аумағында жерасты сынағы жасалған екі әскери полигон болған. Соның бірі – Құрманғазы ауданындағы Азғыр полигоны.
Экономика • 09 Шілде, 2025
«Қашағанның» 1 млрд баррель мұнайы
«Қашаған» кен орнынан «қара алтын» алу 2016 жылы басталған еді. Содан бергі 9 жылда аталған кеніштен 1 млрд баррель мұнай өндірілді. Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкардо Руюдің айтуына қарағанда, бұл межені бағындыру үшін өндіріс тұрақтылығын сақтап, алға ілгерілеуге басымдық берілген.
Төтенше жағдай • 09 Шілде, 2025
Қамыс өрті неге жиі қайталанады?
Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауындағы ну қамыс жиі өртенеді. Биыл қамыс өрті мамырдың соңында бір, маусымның ортасында екінші рет тұтанды. Алғашқысы үш, кейінгісі он бір күннен соң сөндірілді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Байырғы қалашық ашық музейге айнала ма?
Атырау қаласындағы «Жұлдыз-3» шағын ауданында Ақтөбе-Лаэти тарихи қалашығы бар. Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №53 қаулысына сәйкес аталған тарихи қалашықты қорғау аумағы бекітілген.
Заң мен Тәртіп • 26 Маусым, 2025
«Антифрод» күдіктілерді анықтайды
Жақында Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер қылмысы көбейген облыстардың қатарында Атырауды да атаған еді. Биыл бұл өңірде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс былтырғы 3 айдағы көрсеткіштен 2,2 есеге көбейген.
Талбесік • 26 Маусым, 2025
Көпжылдық өсімдіктің жаңа түрі
Әлемде астрагал тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктің 5 мыңға жуық түрі анықталған. Ал жақында Атырау облысында өсетін осы өсімдіктің жаңа түрі табылып, оған Иванов астрагалы атауы берілді.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Жанармай стансаларының қауіпсіздігі алаңдатады
Жергілікті тұрғындарды жанар-жағармай стансаларындағы қауіпсіздік мәселесі алаңдата бастады. Себебі стансаларда өрт қауіпсіздігіне байланысты бірнеше кемшілік анықталып отыр.
Өндіріс • 21 Маусым, 2025
«Атырау вагон құрастыру зауыты» жақында конвейерден 100-інші жүк вагонын шығарды. 2027 жылы толық қуатқа жеткен кезде өндірістік аумақ 62 мың шаршы метрге ұлғайып, жылына 7–8 мың жүк вагонын дайындайды.
Мәселе • 19 Маусым, 2025
Мұнайлы Атырауда да өкпек желмен сусыған құм көшкіні бар. Бірнеше елді мекен тұрғындарын құм басу қаупінің артқаны алаңдатады. Құм көшкінінен төнетін қауіп Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой ауданының ауылдарында басым болып отыр.
Балалар • 18 Маусым, 2025
Биыл Атырау облысында жазғы лагерьлерге 134 мың 812 баланы тарту жоспарланып отыр. Ал мектептердің жанынан 167 лагерь жұмысын бастады.