Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1035 материал табылды

Өнер • 18 Қараша, 2021

Вальс билеген қос көбелек

Дастарқан үстінде алқызыл гүл, жеміс-жидек, құс қауырсыны тұрса, жазушының жұмыс істейтін орны, болмаса қонақ күткен үйдің эскизі елестейді. Осы үш детальды ілікке алған суретші шығармасының жанры натюрморт екенін аңдау оп-оңай. Себебін кенеп бетіндегі ашық бояулардың өзі-ақ баяндап тұрғандай.

Руханият • 17 Қараша, 2021

Келелі келісімге қол қойды

Нұр-Cұлтан қаласының Мемлекеттік архиві Атырау облысының Мемлекеттік архивімен бірлесіп, «Атырау Тәуелсіздік жылдарында» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Оның арты «Елорда архивінің фотоқұжаттарындағы қала тарихы» атты бірлескен іс-шараға жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 17 Қараша, 2021

Потаниндер қазақша сайрайды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы аясында «Мем­ле­кет­тік тіл – Тәуелсіздік сим­­волы» тақырыбымен онлайн форматта өткен рес­­публикалық байқау мә­ресіне жетті.

Өнер • 15 Қараша, 2021

Халің қалай, қазақ анимациясы?

Жапон халқы анимацияны салт-дәстүрін насихаттауға арнаса, амери­ка­­лықтар жекелеген ғылы­ми пән­­дерді осы әдісті қолдану арқы­лы оқы­тады екен. 

Өнер • 12 Қараша, 2021

Апорт

Апорт десе Алматы, Алматы десе апорт еске түсетіндіктен бе, тақырыпты картинаның атауымен қалдыруды жөн санадық. Осы тәп-тәтті жеміс жайлы әңгіме өрби қалса, ақын Есенқұл Жақыпбековтің «Гүлдәуренмен кездесу» атты өлеңі еріксіз ойға оралады. Әсіресе, Сәрсенбайдың бақшасына алма ұрлауға шыққан ауыл бұзықтарының әрекеті күлкіге көмеді. Құдды, артыңызға қарасаңыз, сол аяулы сәттер қол бұлғап тұрғандай болады.

Өнер • 10 Қараша, 2021

Үстірт үстіндегі ой

Қалай десеңіз де, қазақ даласын шарлаған адам не суретші, не ақын болатыны анық. Олай болмаған жағдайда да, аузынан суы ағып, азанға дейін әңгімелер еді. Этнограф ғалым Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болады», деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Жер жүзін аралаған ойшыл орыстың осыншама тамсануының астарында үлкен махаббат жатқаны анық.

Өнер • 08 Қараша, 2021

Қолшатыр хикаясы

«Жаңбырлы түн, екеуімізде бір шатыр, Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр. Махаббаттың сөнбесін деп жалыны, Шатыр болып менің жаным суда тұр».

Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Көпбалалы аналарды қолөнерге баулыды

Нұр-Сұлтан қаласында қолөнер саласындағы ауқымды еңбек дағдыларын үйретуге бағытталған Қазақстан әйелдеріне арналған онлайн форматта семинар өтті.

Елорда • 08 Қараша, 2021

Мейірім мерекесі

Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің ұйымдас­тыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ерек­ше білім беруді қажет ете­тін балаларға арналған NewАрт фестивалі өтті.

Өнер • 02 Қараша, 2021

Байтақ баба бейнесі

Бабатанымға салсаңыз, байырғы қазақ өркениеті ғасырлар тізбегінде айшықты із қалдырып, асқақ арманы жолында аршынды қадам басып, аңызға бергісіз ғұмырлық пәлсапа түзген. Ертегідей көрінген мифтік оқиғалар желісі ақиқаттан алыс емес. Оны тарих тізбегі дәлелдеп-ақ келеді. Сенбесеңіз, белгілі суретші Ағымсалы Дүзелхановтың «Қызыр баба – төрт түлік» картинасына қараңызшы.