Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Тазалық табалдырықтан басталады
Табиғатты таза ұстау – адамзатқа парыз. Осы қағиданы берік ұстанған жетісулықтар жаппай көшеге шығып «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында экологиялық сенбілік өткізді. Бұл игілікті іс-шарада 2 мың тонна қоқыс шығарылып, 6 500 жас көшет отырғызылды.
Туризм • 30 Қазан, 2023
Тамшыбұлақты тартымды ете аламыз ба?
Қазір «Жетісуда туризмді қалай дамытсақ?» деген сауал кесе-көлденең тұр. Әрине, шырайлы өлкенің қасиетті жерлерінің қараусыз қалғаны көңілге көлеңке ұялатады. Оны әзірге ескеріп жатқан жауапты орын жоқ. Ал сол маңайда тұратын ауыл тұрғындары қадіріне бойлайын десе, қолы қысқа. Қараңыз, Жетісуда 32 туристік нысан бар. Бірақ соның жартысынан көбі босқа тұр.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Баспаналы болу – бұл да бір үлкен бақыт. Ал сол аңсаған шаңырағыңның кілтін дәл Республика күнінде алу – әсер үстіне әсер үстемелейтіндей. Неге десеңіз, ұлтымыз үшін қастерлі мейрамда құтты қонысқа қол жеткізу көңіліңді одан бетер асқақтата түсері анық. Осы сәтті күні кеше жетісулықтар бастан кешті. Ең ғажабы, бұл игілікті іске тек мемлекет қана емес, атымтай азаматтар да атсалысқан. Шаттыққа толы шараның біз де куәгері болдық.
Ән • 17 Қазан, 2023
Әнде тарих болмаса, оның әсері әлсіз. Музыка миға қонған сәтте адам беймәлім ырғақтың желісіне байланады. Одан оны ажырата алмай қаласыз. Мәселен, әуесқой композитор Оралхан Көшеровтің «Достарға» әні біздің сонау сәби көңіліміздің аспанында әлі қалықтап жүр. Өзіміз сүйіп тыңдаған, жарыса орындаған жасампаз шығарманың шежіресі шырқаған сайын әлдебір сырдың теңізін бойлап бара жатады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2023
Облыстың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін «Текелі энергокешені» ЖШС қамтамасыз етеді. Оның белгіленген электр қуаты – 24 МВт, жылу қуаты – 42 Гкал/сағ. Дегенмен аталған станса жабдықтарының 67 пайызы тозған. Мұны өңірге арнайы іссапармен келген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Экология • 02 Қазан, 2023
Жетісудың табиғаты көркем дегенімізбен, сол Құдайдың берген қазынасын қадірлейтіндердің қатары сиреп барады. Әртүрлі апаттардан, қоқыс қалдықтарынан, өрт салдарынан қоршаған ортаға зиян келуде. Өңірге жұмыс сапарымен келген Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңірдегі қалдықты қайта өңдеу жұмыстарының төмендігін жеткізді.
Руханият • 01 Қазан, 2023
Кең дүниенің келбетіне маңыз құйған, уақыттың көз жасын сахнаға тамызған театр өнері өмірдің жан азығы. Сол ұлы өнердің саялы бәйтерегіне айналған Қазақстанның халық әртісі Бикен Римова ұлт мәдениетінің көгіне біткен жарық жұлдыз еді. Еңлік болып елді елжіретіп, Қорлан болып халықтың жадында жаңғырған алып тұлғаның Жетісу жерінде 100 жылдық мерейтойы жалғасуда. Ғасырлық қуаныштың шырайы «BIKEN» І Халықаралық театр фестивалімен әрлене түскендей.
Шаруашылық • 22 Қыркүйек, 2023
Бағдарламаны жүзеге асырудағы түйткілдер
«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауылдағы ағайынның тұрмыс деңгейін түзейтін бірден-бір бастама. Дегенмен, халық пен бағдарламаға жауапты мекеменің арасындағы байланыс нашар секілді. Пайызы аз, пайдасы көп қаржыға өтініш білдіргендер ала шапқын болып жүр. Облыста 581 тұрғын кәсібім дөңгеленеді деп күтіп жүрген еді. Әйтсе де, құжаттары талапқа сай болмай, талайының меселі қайтып жатыр.
Энергетика • 17 Қыркүйек, 2023
Жетісуда күн электр стансасы салынады
Жетісу дербес облыс болғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге инвестор тартуды тапсырған еді. Қазір облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, күні кеше израильдік компания Жетісуда күн электр стансасын салуға ниет білдірді.
Мәселе • 16 Тамыз, 2023
Балқаш көлі: жауапкершіліктен қашқан құзырлы орындар
Балқаш көлі туристік аймағының жайы – жұрт назарында. Жолы оңалар емес, демалушыларға жөнді жағдай жасалмаған. Осы бағытта былтыр жағалауды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жаңа жоба әзірленген еді. Оның сметалық құжатына бюджеттен 120 млн теңге бөлінген. Әйтсе де бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әлі анықталмай отыр. Министрлер жауапкершіліктен қашып, жобаны бір-біріне сілтеп отыр.