Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
172 материал табылды

Аймақтар • 26 Ақпан, 2024

Гемодиализ орталығы ашылды

Бұл іске мұрындық болған – Сарқан ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылының азаматы. Ол жергілікті халықтың өтініш-тілегін ескере отырып, Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығын іске қосты. 60 млн теңге жеке инвестиция салған кәсіпкер Азамат Доланбаев жетісулық атпал азаматтарға үлгі болды.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2024

Әлеуметтік дүкен

Талдықорғанда облыс әкімдігінің бас­тамасымен қолжетімді үшінші дүкен ашылды. Кең әрі жайлы сауда орнында облыстың тұрақтандыру қорының және «кері схемамен» жұмыс істейтін өндірушілердің тауары 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылады.

Қоғам • 25 Ақпан, 2024

Жетісудың кітап керуені

Жақында жетісулық бір топ қаламгердің баспадан жаңа шыққан кітаптары Алматыдағы Ұлттық кітапханаға тарту етілді. «Жетісу: кітап керуені» жобасы аясында ұйымдасқан кешке біз де куә болдық.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2024

Жетісуда газ турбина стансасы салынады

Жетісуды толық газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Әсіресе облыс орталығынан алыста орналасқан ауыл­дарды жылумен қамту маңызды. Осы ретте Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбина стансасын салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд теңге қаражатын құймақшы.

Өндіріс • 19 Ақпан, 2024

Жетісудағы жаңа зауыт

Талдықорғанда тұрмыстық химия өндіретін шағын зауыт іске қосылды. Тәулігіне 10 тонна өнім шығару мүмкіндігі бар цех қаланы күнделікті тұрмысқа қажет сұйық ұнтақтармен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсіпкер бұл бизнесіне 50 млн теңге инвестиция салған. Қазір шағын кәсіпорынның жұмысын Қытай мамандарымен бірлесе жандандырып жатыр. Ендігі мақсаты – өнімдерді үлкен нарыққа шығару.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Талдықорған театрында кезекті премьера

Б.Римова  атындағы  Талдықорған драма театрының кезекті премьерасы көрерменге жол тартпақ. 22-23 ақпан күндері жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы театрсүйер қауымға ұсынылады.

Еңбек • 11 Ақпан, 2024

Электрониканың тілін тапқан

Текеліде электр қозғалтқыштарын жөндеп, қалпына келтіретін шебер тұрады. Бала күнінен бұл технологияның тілін жетік меңгерген Юрий Семичев осы бағытта кәсіптің көзін тапқан. Сөйтіп, мемлекет қолдауының нәтижесінде шағын шеберханасының іргесін қалайды. Қала тұрғындары ғана емес, маңайдағы аудан азаматтарды да кәсіп иесінің көмегіне жүгінеді.

Еңбек • 08 Ақпан, 2024

Арқа сүйері – «Ауыл аманаты»

Кәсіпке икемі бар, бірақ қаржысы жоқ адамдарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы көп мүмкіндік берді. Мәселен, бір жыл ішінде Ақсу ауданында 91 жоба мақұлданып, 513,5 млн теңге шағын несие берілген. Аграрлы өңір тұрғындары көбіне мал шаруашылығына сұраныс білдірген. Дегенмен ұлт­тық қолөнер­­ді де дамытуға бет бұрған абзал жандар бар.

Зерде • 29 Қаңтар, 2024

Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы

Биыл атақты «Мамания» мектебінің ашылғанына – 125 жыл. Әуелі шағын медресе болып іргесі қаланып, кейін айтулы білім ордасына айналған Қарағаштағы қарашаңырақтың бүгінде қиқымы ғана қалған. Өкінішті-ақ. Кеңес идеологиясына уланған буын оны қажет етпеді. Дегенмен тарихтың аты – тарих, талай ұлт зиялыларын тәрбиелеген рухани мекен кімге де болса ыстық. Оны ұрпақтың ұмытпағаны абзал.

Тұлға • 22 Қаңтар, 2024

Қастеев тойына дайындық қалай жүріп жатыр?

Биыл қазақ бейнелеу өнерінің бозжусан бейнесіне айналған Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы. Оған «Егеменнің» бетінде кеңінен тоқталғанбыз. Дегенмен халық санасында «ел-жұрты не істеп жатыр екен?» деген заңды сауал туады. Жақында қабырғалы қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы Жетісу облысы әкімінен суретшіге Жаркентте үлкен көше беруін сұрады. Одан бөлек, жерлестері музейіне де көңіл бөлінсе деген тілегін жолдауда.