Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Аймақтар • 20 Тамыз, 2025

Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарағанды облысы, Нұра ауданының Ахмет ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Енді мұнда төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Тамыз, 2025

Қарағанды тұрғыны Toyota Carina автокөлігін үй ауласынан ұрлап кеткен

Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 15 Тамыз, 2025

Қарағандыда HOWO жүк көлігі құрастырылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құрас­­тыру саласын дамы­ту қажет­тігін үнемі на­зарда ұстап келе­ді. Үкімет бұл бағыт­қа жан-жақты қол­дау көрсетіп отыр. Мы­салы, күні бүгін­ге дейін автобус құрас­­тырып келген Қара­ған­дыда енді жүк көлік­тері де шығарылатын болды.

Абай • 15 Тамыз, 2025

Кемеңгер көшесіндегі той

Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Абай көшесінде ақынның ескерткіш тақтасы ашылды. Тақта авторы – белгілі мүсінші, аудандық мәслихаттың депутаты Амантай Ақышев. Абай тағылымына осылай­ша тағзым жасаған Аман­тай Нұртайұлының бұл із­гі­лікті ісі ел аузында жүр.

Медицина • 13 Тамыз, 2025

Ботақарадағы аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен толықты

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі аудандық аурухана облыстық бюджет есебінен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Заманауи техника түрлі ауруларды жоғары дәлдікпен анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 31 Шілде, 2025

Саранға серпіліс берген серіктестіктер

Саран біртіндеп өндірістің бере­келі ошағына айналып келеді. Мәселен, «Tengri Tyres» шина зауытына «Татнефть» пен «ГК «Аллюр» 531,8 млн доллар инвестиция құйған. Зауыт алаңы – 106 мың шаршы метр. Озық технология резеңке қоспаларды әзірлеуден бастап, жинақтау мен вулканизацияға дейін толық цикл­мен шиналарды өндіруге мейлінше мүмкіндік береді.

Шаруашылық • 15 Шілде, 2025

Қарағанды облысында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалды

Кеше Долинка кентінінің жайылымында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалған. Қырылған ұсақ мал Абай ауданы Жартас ауылының фермеріне тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 11 Шілде, 2025

Қарағандылық өнерпаздар республикалық айтыста топ жарды

Қарағандылық әнші-ақындар тағы бір мәрте өнерімен ел ықыласына бөленді. Маңғыстауда өткен «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыста облыс құрамасы жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Шілде, 2025

Балқаштың брендіне айналған фестиваль

Дәстүрлі «Balkhash Tour Fest» фестивалі Балқаштың брендіне айналып келеді. Өңірдің туристік әлеуетін көрсететін бұл жолғы фестиваль су спорты, ұлттық дәстүрлер, волонтерлік жобалар, экологиялық акция­лар, мәдени қойылымдар, кәсіпкерлік бастамалармен ерекшеленді. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 50 мыңға жуық адам жиналды.

Шаруашылық • 10 Шілде, 2025

Абай ауданында жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды

Абай ауданы Көксу ауылында пайдалануға берілген пункт біріздендірілген блок-модульдерден жасалған, үй және ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалауға, дерттердің алдын алуға, вакцинациялауға, емдеуге және жоспарлы тексеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.