Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Қостанай облысы тұрғындарының жартысына жуығы дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, Қостанай облысы тұрғындарының жартысына жуығы сағат 12:05-ке дейін дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Садақ ату мектебі қолдауға зәру
Қостанайда былтыр қараша айында ашылған ұлттық садақ ату мектебінің шәкірттері әуелде «Наурыз» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде жаттығып жүрген. Балаларға жебе тартудың ережесі мен мергендіктің қыр-сырын үйретіп жүрген Аяулым Аппазова – садақ тартудан ел чемпионы, талай халықаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген тәжірибелі спортшы.
Экономика • 16 Қараша, 2022
Қостанай қаласының іргесінен 89 мың шаршы метр аумақты алып жатқан «Allur» зауыты еліміздегі ең ірі автоөндіріс орталығы болып саналады. Бүгінде ел көлемінде жоғары сұранысқа ие темір тұлпарлар JAC, Chevrolet, Kia, Renault брендтері мен Lada, UAZ автокөліктерін, қала көшелерінен жиі көрінетін жап-жаңа SAZ автобустарын осы кәсіпорын шығарып жатыр.
Экономика • 14 Қараша, 2022
Қостанай комбайнына сұраныс жоғары
Қостанайдағы «АгромашХолдинг KZ» зауыты биыл 900-ден астам «Essil» комбайны мен «Lovol» тракторларын құрастырып шығарды. Соңғы жылдары отандық өндірістің жергілікті үлесін арттыруға ден қойып отырған ірі кәсіпорында таяуда ауылшаруашылық техникалары кабиналарын дәнекерлеп шығаратын тағы бір желі іске қосылды.
Қоғам • 13 Қараша, 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті жыл басынан бері атқарған жұмысын қорытындылады. Осыған орай өткен жедел кеңесте биыл Антикор тергеушілерінің өндірісінде 182 қылмыстық істің тіркелгені, оның ішінде 52 қылмыстық іс аяғына дейін жеткізіліп, соттың қарауына жіберілгені айтылды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 13 Қараша, 2022
Ақаң көшелерінің мәдени бәсекесі
Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Соңғы отыз жыл ішінде облыс аумағында оннан астам көшеге ұлт ұстазының есімі беріліпті. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға осы көшелердің тұрғындары, өңір зиялылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Өнер • 08 Қараша, 2022
Қостанайда жас суретшілер мен декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің «Жас толқын» республикалық байқауы мәреге жетті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шара биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Балалар жылына орайластырылып отыр.
Руханият • 08 Қараша, 2022
Қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі, ұлт баспасөзінің бастауында тұрған «Айқап» журналын шығарып, өз дәуірінің озық ойлы азаматтарының қалам қарымын қазақтың жоғын жоқтап, керегін іздеуге жұмылдырған ағартушы, ақын Мұхамеджан Серәлиннің туған жері Қарабалықта қайраткердің 150 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Тойдың танымдық-тағылымдық мәнін ашып берген іс-шараның бірі «Айқап» редакторының ақындық мұрасы мен ағартушылық, журналистік, ұстаздық қызметі зерделенген халықаралық ғылыми конференция болды.
Экономика • 04 Қараша, 2022
Гидравликалық құрылғы жасайтын компания
Бүгінде Қостанайда жеңіл автокөлік, трактор-комбайн, автобус, тағы басқа да сан алуан арнайы техника түрлерін құрастыратын бірнеше зауыт бар. Алайда бұл зауыттар өндіріске қажет қосалқы бөлшектің көбін сырттан әкеледі. Дегенмен өңірде кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен техника құрастыруға қажет ұсақ-түйек бөлшектерді ұқсатып жасап шығарып жатқан шағын кәсіпорындар да бой көрсете бастады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2022
Тобыл өңіріндегі ең көпұлтты елді мекендердің бірі – Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылы. Облыс орталығынан 30 шақырым қашықта жатқан елді мекенде тұрып жатқан сан алуан ұлттың тату-тәтті тұрмыс-тіршілігі ауылдық кітапхана жанынан «Қазына» орталығы ашылғалы тіпті ажарлана түскендей.