Banner
Banner
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1790 материал табылды

Мирас • 23 Қараша, 2023

Асық ойнаған озар

Қостанайда «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Мергендер сайысына өңірдің сегіз ауданынан балабақшаға барып жүрген 50 шақты бүлдіршін қатысты.

Аймақтар • 22 Қараша, 2023

Жаңа әлеуметтік төлем

Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Рудный қаласына барып, бірнеше кәсіпорынды аралады. Одан кейін өңірдің өндірістік кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. «Горняк» мәдениет үйінде өткен жиынға «Сарыбай-Соколов» кен байыту бірлестігі, «Краснооктябрск боксит кені басқармасы», «Қостанай минералдары», «Агромашхолдинг», «Варваринское», «Өркен» «СарыарқаАвтоПром», «Комаров тау-кен кәсіпорны» секілді ірі өндіріс орындарының жұмысшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Құрылыс • 13 Қараша, 2023

«Kia» зауытының құрылысы басталды

Қостанайда «Kia» автомобильдері өндірісінің толық циклін қам­титын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Елімізде авто­­кө­лік өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін ірі кә­сіп­орын құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Кореяның «Kia» компания­сы басшы­лығының осыдан екі ай бұрын ұйғарысқан келісімі нәти­жесінде қолға алынып отыр.

Қоғам • 11 Қараша, 2023

Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды

Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты. 

Экономика • 09 Қараша, 2023

«Баян сұлу» өнімдерінің 40 пайызы шетелге экспортталады

Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық форумы барысында «Баян сұлу» АҚ басқарма басшысы Тимур Садықов компания өнімінің жартысына жуығы алыс-жақын шет елдерге сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Экономика • 09 Қараша, 2023

Қазақстан – Ресей ынтымақтастық форумы: екіжақты тауар айналымының 70 пайызға жуығы өңірлерге тиесілі

Өңіраралық форумға  дәстүрлі түрде екі елдің шекаралас өңірлерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатысып жатыр.

Экономика • 09 Қараша, 2023

Қазақстан-Ресей форумы: Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық нығаяды

Қостанай қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумының  аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Қараша, 2023

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Қостанайда жаңа салынған Смарт-орталықта көршілес екі ел делегациясының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 06 Қараша, 2023

Қостанай облысында төрт аудан, бір қалаға әкім сайланды

Қостанай облысында Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының, сондай-ақ Рудный қаласының әкімдері сайланды.

Аймақтар • 03 Қараша, 2023

«Ішінде 14 бала болған». Оқушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті. Абырой болғанда, балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген.

Яндекс.Метрика