Banner
Banner
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1790 материал табылды

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

Автобустан монша жасап алды

Шағын бизнестің өрісін кеңейтуді көздейтін қайтарымсыз гранттардың істің көзін таба білген азаматтарға шарапаты көп тиіп жатыр. Мәселен, Арқалық қаласының тұрғыны Ержан Құдабаев кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысып, 1 млн 380 мың теңгенің грантын ұтып алған. Нәтижесінде, баяғы шопандардың ауы­лын аралап жүретін автомонша жасап алып, елден саяқ қонған малсақ ағайынның қажетін өтеп жүр.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023

Қостанай өңіріндегі қоныстой

Рудныйда кезекте тұрған 40 отбасы пәтер кілттерін алды. Еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күні қар­­саңында қуанышқа кенелген тұрғын­дардың арасында 15 жыл бойы баспана кезегінде тұрғандар бар.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Қостанайдағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты

Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023

Қостанайдағы жарылысқа қатысты тың деректер белгілі болды

11 қарашада шамамен 12:36-да Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекенінде «КамазЦентр» мекемесі жалға алып отырған жүк көліктерін жөндеу бекетінде газ жарылып, ауданы 280 шаршы метрлік ғимараттың ішіндегі дүниенің бәрі қирап, құлаған. Жарылыс кезінде ғимарат ішінде болған адамдардың біразы қиранды астында қалған, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2023

Қостанайда газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалды

Бүгін сағат шамамен 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, бір қабатты ғимараттың төбесі опырылып жерге түсті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023

Еңбек адамының абыройы

Қостанайда Ауыл шаруа­шы­лығы қызмет­кер­ле­рі кү­ніне арналған сал­танат­ты жиын өтті. Іс-шара ба­рысында өңір шаруа­шы­лықтарының өткен ең­бек маусымы қоры­тын­дыланып, биылғы ауа ра­йы­ның қолайсыздығына қарамастан, еселі еңбек етіп, мол өнімге қол жеткіз­ген шар­уашылық басшылары марапатталды.

Оқиға • 30 Қараша, 2023

Қостанайда кран құлады

30 қараша күні сағат 15:50-де Шаяхметов көшесінің бойындағы көпқабатты құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан кран құлады. Кабинада 49 жастағы краншы отырған. Марқұм сол жерде қаза тапты.  

Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Ынтымақтастық форумы

Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында Қазақстан мен Ресейдің іргелес өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған «Еуразия қақпасы» халықаралық форумы өтті. Жиында қазіргі қоғам беталысындағы өзекті мәселелер мен екі ел арасындағы интеграциялық үдерістер талқыға түсті.

Өндіріс • 29 Қараша, 2023

Киік етінен консерві шығара бастады

Арқалықтағы «Торғай ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі киік етін өңдеп, консерві шығаруды қолға алып отыр. Ет комбинатындағы жаңа өндіріс 11 қарашадан бастап жұмыс істеп жатыр. Содан бері кәсіпорын 4 мыңнан аса консерві жасап шығарып, қала дүкендеріндегі сауда сөрелеріне қойған.

Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Бірқазан бағып отыр

Жылы жаққа қайта алмай қалған жыл құсын Қостанай ауданына қарасты Александров елді мекенінің тұрғын­дары ауыл ма­ңындағы тас жолдың бойынан ұшырастырған. Бірқазан қазір Ал­тынсарин ауданындағы Силантьев ауылында, Арақа­рағай орман шаруашылығының қорықшысы Арыстан Әлімқожиновтың қолында. Орманшы құс қолға үйренсе, көк­темге дейін бағамын деп отыр.

Яндекс.Метрика