
Өнер • 13 Наурыз, 2020
«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай!
Қостанайдағы Достық үйінде «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің концерті өтті. Қазір не көп – ансамбль көп, ән көп. Бірақ «Жадыраның» жөні бөлек. Ансамбльді 1991 жылы әнші-композитор Қайрат Нұрғазин ұйымдастырған еді. Рудныйда алғаш «Әжелер» ансамблі болып құрылған ұжым сол кезде көп айтыла қоймайтын ұлттық бояуы қанық дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларынан ғана тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап алған.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2020
Жеңіс эстафетасы Қостанайға жетті
Эстафета ережесі бойынша, 1941 жылы Жетісуда генерал Панфилов жасақтаған әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін бүкіл Қазақ жерін аралап шығуы керек.
Оқиға • 12 Наурыз, 2020
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 1 адам қаза тапты
Кеше сағат 16.30-дар шамасында Әулиекөл-Сұраған бағытындағы тас жолдың бойында ВАЗ-21124 автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып оң жақ жолаққа шыға бергенде қарсы келе жатқан Nissan Primera көлігімен тура соқтығысқан. Қарсы бетке шығып кеткен көліктің ішіндегі 59 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөлікте отырған 7 жолаушы әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2020
Қостанайда темір сынықтарын өңдеу зауыты салынады
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2020
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Ерте көктемде алқап жұмыстарының алдында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық көрмеде облыс ауылшаруашылық техникаларының соңғы жетістіктері мен заманауи дән сепкіш кешендер облыс диқандарының назарына ұсынылды.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық әліпбиді әлі де пысықтай түсу жөніндегі тапсырмасына орай, Қостанайда латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасын ашық талқылауға арналған ғылыми жиын өтті.
Қоғам • 11 Наурыз, 2020
Күн райы жылып, қасат қардың көбесі күрт сөгілсе, Қостанай облысындағы жүзге жуық елді мекенді су басып қалуы мүмкін. Сондықтан биыл өңірде қауіпті кезеңге дайындық шаралары ерте басталды. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына су тасқыны бола қалған жағдайда қандай амал жасау керектігі жөнінде жүйелі түсіндіру жұмыстары қолға алынған.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Ірі көлемде есірткі тәркіленді
Облыс көлемінде өткен жедел іздестіру шаралары барысында Жітіқара қаласында тұратын 25 жастағы ер адамның үйінен 693 грамм есірткі табылды.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Шағын шаһарлар шуақты мекенге айналуы тиіс
Биыл Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін ERGкомпаниясы 3 млрд 117 млн теңге бөлмек. Өзара әріптестік туралы меморандумға ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Қостанайда көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды
Халықаралық Әйелдер күніне орай өткен мерекелік жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көп балалы аналарды арнайы құттықтап, Алтын және Күміс алқаларын тақты.