
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Қостанай облысында жалған ақпарат таратқан ер адам жазаға тартылды
Меңдіқара ауданына қарасты Қасқат елді мекенінде тұратын 28 жастағы ер адам ватсап мессенджері арқылы 29 наурыздан бастап Қостанай, Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылып, облыстың барлық күре жолдарындағы көлік қозғалысына тыйым салынады деген жел сөз таратқан. Қазіргі аһуал мұндай құйтырқылықты көтермейді. Онсыз да көңілін алаң басқан ел жақсы лепеске сусап отыр. Полиция ашық ауыздың кім екенін анықтап, төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Енді бұл азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Ауылдық әкімдіктер маманға зәру
Қостанай облысына қарасты ауылдық әкімдіктерде 100-ге таяу жұмыс орны бос тұр. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне көшкелі ауылдық мекендерде сауатты заңгер, экономистер қат. Мұндай мамандықтар бойынша дипломы бар жастар ауылға баруға құлықсыз. Өйткені ауылдық әкімдікте оларға жүктелетін міндет көп, жалақы төмен. Мәселен, жұмысқа жаңа тұрған жас маман бір жылға дейін 60 мың теңгеге жетер-жетпес еңбекақы алады. 3-4 айдан соң, жұмысын тастап басқа салаға кетіп қалатындар да көп.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Жергілікті полиция басқармасының бастығы Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, облыста төтенше жағдай режімін бұзған 19 дәмхана мен сауық мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алдын ала жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір кәсіпкерлер шектеу режіміне мойынсұнбай, белгіленген қауіпсіздік тәртібін бұзуын тыймай отыр. Мәселен, 25 наурыз күні облыста төтенше жағдай режімін бұзған тағы 5 дәмхана анықталған.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысында 12 адам госпитальге түсті
Тобыл қаласының провизорлық госпиталіне бүгін түскен 12 адамның барлығы да Қостанай облысының тұрғындары. Оның бесеуі Алматы қаласына Египеттен ұшып келген. Оңтүстік астанада олардан қан алынып, талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Бұдан әрі бес азамат Отардан пойызға мініп, Қостанай облысына жолға шығады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: коронавируске қарсы шеп құру жоспары пысықталды
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте облыста эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда Қостанай қаласына кіреберіс жолдарда бақылау-өткізу бекеттерін орнату туралы мәселе сөз болды. Қостанай қаласының әкімі мұндай жағдайда ірі автокөлік жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шекара жабық, шектеу көп. Бүгінгідей сындарлы кезеңде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар қамқорлықтан қағажу қалмауы тиіс. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында қолға алынған бірыңғай республикалық акция қостанайлықтар тарапынан кең қолдауға ие болды. Шараның аймақта жүзеге асу барысы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Nur Otan филиалдары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Бұл туралы бүгін қала және аудан әкімдерімен онлайн режімде кеңес өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Керек құжатты үйде отырып-ақ ресімдеуге болады
Қостанай облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі тек қана электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге көшті.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысында бірнеше ауыл бүгінге дейін Ресейдің ұялы байланысын пайдаланып отыр. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Приречный ауылында қазақстандық байланыс операторлары атымен жоқ. Тұрғындар бір-бірімен ресейлік МТС арқылы хабар алысады. Бұл ауылда «Ксеll»-ге кеңістік, «Асtiv»-ке ауа жоқ. Сырттан келген жолаушының телефоны тұншығып, тілсіз қалады. Қайтар жолға шығып, Қарабалыққа жақындаған соң ғана қайта тірілген ұялы телефонға «Әлемдегі ең алып ел – Ресейге қош келдіңіз! Роумингке тіркеліңіз. Арзан тариф!» деген хабар түседі. Одан Қостанайға жете бергенде «Үйіңізге оралуыңызбен! Шетелге жиі саяхаттайсыз ба? Біз арқылы арзан әуе, ТЖ билеттеріне тапсырыс беріңіз!» деген хабарлама тағы түседі. Осылайша Приречныйдан қайтқан жолаушы шекара аспай-ақ шетелге шыққандай күйге түседі.
Оқиға • 25 Наурыз, 2020
Рудныйда полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды өрттен аман алып қалды
Полиция басқармасының мәліметінше, 22 наурыз күні Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қызыл жалынға оранған пәтер ішінде қалады. Оқиға орнына өрт сөндірушілерден бұрын жеткен патрульдік полиция инспекторы Мақсұт Досыбаев пен кіші сержант Төлеген Қастаев дереу қою түтін тұмшалаған бесінші қабатқа көтеріліп, жалын құрсауында қалған зағипті дін аман сыртқа алып шығады.