
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда ғана төтенше жағдайда елді жұмыссыздық жайламас үшін халықты еңбекпен қамтудың нақты жобаларын іске асыруды тапсырған болатын.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қостанай облысы 80 санитарлық автокөлік сатып алды
Аймақтағы денсаулық сақтау мекемелерінің технопаркін нығайту мақсатында облыс бюджетінен бөлінген 475 млн теңге қаржыға биыл 80 санитарлық автокөлік сатып алынуы тиіс. Облыс басшылығы жергілікті машина жасау зауыты «СарыарқаАвтоПром» серіктестігіне 70, «Азия Авто» АҚ-на 10 автокөлікке тапсырыс берген, олардың дені аудандарға таратылады.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Тобыл қаласында «Көмек алаңы» фронт-кеңсесі ашылды
«Тобыл – көмек алаңы» деп аталған фронт-кеңсенің ашылуына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың жұмысын ашық көрсетіп, халыққа қолжетімді ету.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Қарлы боран мектептің шатырын жұлып кетті
Жетінші сәуірде тәулік бойы тулаған қарлы боран Әулиекөлдегі былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен білім ошағының шатырын тулақ құрлы көрмей төңкере салған. Дүлей боран ауылдағы үй шатырларын, мұржалар мен қоршауларды, тоқ бағандарын қиратып кеткен. Ауыл ішіндегі шырша, теректердің тамыры ырсиып жартылай суырылып қалған. Ұялы телефон байланысы үзіліп, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз, жарықсыз қалған.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Полиция қатары 70 сардармен толықты
Төтенше жағдай режімі жарияланғалы полицияда тыным жоқ. Таңның атысы, күннің батысы бел жазбай тәртіп күзетінде жүр.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қостанай облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Жойқын жол апаты кеше Бейімбет Майлин ауданында болған.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Бораннан келген зиян мөлшері анықталып жатыр
Қостанай қаласының әкімдігі облыс орталығындағы барлық жылу қазандықтары мен сорғы стансаларын қосымша қуат көздерімен қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда. Қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Қасымовтың айтуынша, 7 сәуірдегі табиғаттың тосын мінезіне байланысты арнайы штаб құрылып, тәулік бойы аласұрған қарлы бораннан келген зиян мөлшерін есептеу, тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Қостанай қаласы жартылай жарықсыз қалды
Қостанай облысында бір тәулік бойы соққан қарлы боран басылып, күннің көзі ашылып қалыпты тіршілік басталды. Кеше ғана тосын мінезіне басып алай-түлей бүлініп аласұра ақборандатқан табиғат бүгін түк болмағандай моп-момақан кейіпке енген.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты 2 адам анықталды
Індет жұқтырғандардың біреуі 1990 жылы, екіншісі 2000 жылы туған. Екеуі де Тобыл қаласында госпитальда жатқан.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қостанай облысында қарлы боранның салдарынан көлік жолдары жабылды
Қостанай облысында бүгін түнде басталған қарлы боран әлі толастар емес. Таңертең ақтүтек боран одан сайын күшейе түсіп, облыс орталығында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады.