Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1832 материал табылды

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Түнгі сағат 10-нан кейін көшеге шығуға тыйым салынды

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді. Енді облыс тұрғындарына түнгі сағат 22.00-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейін көшеге шығуға болмайды. Қалған уақытта жақын маңайдағы дәріханаға барып дәрі сатып алуға, медициналық көмекке жүгінуге немесе жұмысқа баруға рұқсат етілді.

Коронавирус • 23 Сәуір, 2020

COVID-19: Қостанай облысы - 36

Кеше түнгі 23.00 шамасында Жітіқара қаласында 1974 жылы туған әйелден  індет анықталды. Бүгін Қостанай қаласында 55 жастағы тағы бір ер адамнан індет анықталғаны белгілі болып отыр. 

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Қостанайда 2 адам індеттен айықты

Қостанайдағы облыстық аурухананың инфекция бөлімінде жатқан екі науқас дертінен айығып, бүгін үйлеріне жіберілді.  

Өнер • 23 Сәуір, 2020

Әсия асуы

Қазақтың табиғи болмысы мен ерекше мәдениетінің ұлттық төлқұжаты іспеттес бекзат өнердің бірі – айтыс. ХХ ғасырдың орта шеніне таман көмескі тартып, ұлт жадынан өшіп бара жатқан төл өнерге заман сәулесін түсіріп, жандандырып, қайта түлеткен халық таланттарының ішінде – Тобылдың топжарғаны берен тілді Әсия Беркенова да жүрді. Қазақстанның халық ақыны биыл сәуірде 70 жасқа толып отыр.

Экономика • 23 Сәуір, 2020

«МедиДез» мықты болып тұр

Тобыл өңірінің темір жүрегі саналатын Рудный қаласында орын тепкен «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі төрт жылдан бері халықаралық стандарттағы сапалы дезинфекция және антисептик құралдарын шығарып келеді. Ел ішінде төтенше жағдай жарияланғалы компания өніміне сұраныс арта түскен. Сондықтан кәсіпорын өндіріс көлемін екі есе арттырып отыр.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қостанайда 2 көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды

Бүгін Қостанай қаласында екі адамнан COVID-19 анықталуына байланысты, кешкі сағат 20.00-де облыс орталығындағы  екі көп қабатты тұрғын үй карантинге жабылды.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Коронавирус: Арқалықта ахуал тұрақты

Өңірлік жедел ақпарат штабы 18 сәуірде Арқалықта COVID-19 індеті анықталған әйелдің қазіргі жағдайының тұрақты екенін мәлім етті. Науқас - 48 жаста. Ол  Ақмола облысынан келген соң, суық тиіп ауруханаға түскен адаммен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін екі аптаға оқшауланып, карантин бөлімшесіне жатқызылған екен. СOVID-19 диагнозы расталғаннан кейін инфекция бөліміне ауыстырылыпты.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қостанай: Полицейлер 15 адамды өрттен құтқарып қалды

Тәртіп сақшылары аман алып қалған адамдардың ішінде 5 жасар нәресте бар.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қостанайда провизорлық емхана ашылды

Карантин жағдайында облыс орталығындағы №4 емхана жанынан провизорлық емдеу мекемесі ашылды. 30 төсек-орындық уақытша емханада қазір 15 адам жатыр. Емхананың жүкті әйелдерге арналған бөлек бөлмесі, жансақтау бөлімі бар. Қазіргі талапқа сай «Таза» және «залалды» аумаққа бөлінген емханада екі эпидемиолог жұмыс істейді.     

Руханият • 22 Сәуір, 2020

Бүгін қос бірдей халық ақыны 70-ке толды

Бүгін ́́́́́ Тобылдың топжарғаны Әсия Беркенова мен  Отырардың от ауыз, орақ тілді һас жүйрігі Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толып отыр. Екеуі бір жылда, бір айда, бір күнде дүниеге келген. Ел алдында да бірге жүріп, өткен ғасырдың сексенінші жылдары ұлттық өнер - айтыстың дамып, түрленіп, жаңа биікке көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты.