Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1764 материал табылды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

Терең өңдеу жобалары іске қосылады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауылшаруашылық нысандарында болып, өңірде іске асырылып жатқан бірқатар маңызды жобамен танысты. Астықты аймақта ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік жобалар белсенді дамып келеді. Жаңа өндіріс орындары өңірдің аграрлық сектордағы позициясын нығайтып, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына сеп болып отыр.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024

Жасөспірімдер тәртібі алаңдатады

Өңірде кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзу­шылық белең алып барады. Мәселен, облыс орталығында 231 жас­өспірім, сондай-ақ балаларын бетімен жіберген тұр­мысы төмен 276 отбасы ювеналды полицияның есебінде тұр.

Өндіріс • 25 Қыркүйек, 2024

Табысы еселенген компания

Егіс алқабындағы еңбек майданының алғы шебінде «АгромашХолдинг KZ» зауытынан шыққан комбайндар жүр. Зауыт биыл ауыл шаруашылығы техникаларына қажет 250 мың қосалқы бөлшек, мыңға жуық «Lovol» тракторын, 300 «Essil», «Deutz-Fahr» комбайндарын жасап шығарды.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

«Тұмар» тұрғындарының қоныстойы

Арқалықта көктемгі су тас­қы­нынан зардап шеккендерге арна­лып салынған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа үйге Арқалық қаласы­нан – 19, Амангелді ауданынан – 17, Жангелдин ауданынан 14 отбасы қоныстанды.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

Көлік қозғалысы әуеден бақыланады

Қостанай облысының республикалық маңызы бар жолдарындағы көлік қозғалысы ұшқышсыз әуе құрылғыларының көмегімен бақылана бастады. Облыс прокуратурасы, ТЖД, полиция қызметкерлері бірлесіп қолға алып отырған жаңа жоба көлік апаты жиі болатын жол учаскелерінде сынақтан өтті.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

Мемлекеттік кеңесші Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024

Су қоймалары қайта жаңғыртылады

Өңірдің су қоймалары көктемгі тасқынға төтеп бергенімен, жойқын су біраз нысанның қабағын жырып, қабырғасын сетінетіп кеткен. Мамандардың айтуынша, бүгінде қай нысанның да гидротехникалық құрылғылары тозыңқы жағдайда тұр. Қазір барлық су қоймаларының маңайында жос­парлы жөндеу, су тасқынының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Ал келесі жылдан бастап ең маңызды деген үш нысанды түбегейлі қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Мирас • 11 Қыркүйек, 2024

Кітапханадағы музей

Қостанайдағы Лев Толстой атындағы облыстық кітапхананың екінші қабатында ерекше кітап музейі бар. Мұнда екі мыңнан аса кітап, оның ішінде осыдан кем дегенде екі ғасыр бұрын жарыққа шыққан көне басылымдар, әлемге әйгілі шығармалардың көлемі шырпының қорабындай ғана кішкентай кітапшаға сыйып кеткен шағын үлгілері сақтаулы тұр.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024

Қостанай облысында мектеп қабырғасы құлап кетті

​Бүгін Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылындағы мектептің қабырғасы опырылып түсті.​Мектеп ғимаратының екінші, үшінші қабатының бір бүйірі үңірейіп қалды.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024

Алаш көсемінің мүсіні

Өңірде Әлихан Бөкейхан атындағы екі мектеп бар. Біріншісі – Қостанайдағы аралас мектеп. Екіншісі – темір кенімен даңқы шыққан Қашар кентіндегі қазақ мектебі. Мұнда негізінен Өзбекстаннан көшіп келген қандастардың балалары білім алып жатыр. Айтпағымыз, осы екі білім ордасының қайсысына бара қалсаңыз да, кіреберіс кең дәліздің төрінен Алаш көсемінің мүсінін көресіз.

Яндекс.Метрика