Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1901 материал табылды

Қоғам • 17 Шілде, 2020

Мектеп-интернат жаңартылды

Қостанай облысына қарасты Амангелді ауы­лын­­дағы орта мектептің жанындағы интернат ғи­ма­раты көптен жөндеу көр­мей тозыңқырап кетіп еді. Шағын елді мекендерден аудан орталығына келіп оқитын балалар осы интернатта жатады. Бұрын мұнда 52 бала тұратын. Жатын бөлмелер өзгертіліп, оң­тай­ландырылған соң интернат ғимаратында 18 ба­ла­ға шақталған қосымша бөлмелер пайда болады.

Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Полиция мүмкіндігі шектеулі қызға арба тарту етті

Қостанай ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі Мәрия Бектұрованың көптен бергі арманы орындалды.  3-топ санатындағы зағип жан өздігінен жүріп-тұра алмай қалған. Ал аяқ пен таяқ орнына мүгедек арбасын сатып алайын десе, бағасы удай. Оны қалтасы көтермейді. Мәрия басына қанша ауыртпалық түссе де әкесіне жан қиналысын сездіргісі келмейді. Бірақ бір орында тапжылмай жатып қалған қызын ойлағанда әке жүрегі сыздап қоя беретін.

Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Екі ел дәрігерлері тәжірибе алмасуда

Шекара, кеден короновируске кедергі емес. Сондықтан қостанайлық дәрігерлер Ресейдің шекаралас аймақтарының білікті мамандарымен ақылдаса-кеңесе отырып індетке қарсы күрестікүшейтуді жөн көріп отыр.

Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Алтынсаринде құрылыс қарқынды

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған жерінде спорт нысандары мен медицина мекемелері жаңарып, ауыл жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Биыл ауданға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 788,9 млн теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 1 млрд 13,9 млн теңге қаржы бөлініп, жалпы саны 18 жоба қолға алынған.

Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Шалғай аудандарға дәрі-дәрмек жеткізіледі

Қостанайдағы "Стофарм" серіктестігінің қоймасына 130 мың қаптама дәрі-дәрмек келіп түсті. Олардың ішінде соңғы кездері қат болып кеткен әлеуметтік маңызы бар антибиотиктер, вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Коронавирусқа қарсы күресте колледж студенттері де жүр

Қостанай жоғарғы медициналық колледжінің 2-3 курс студенттері бүгінде әр аудандағы емдеу мекемелерінде белсенді жұмыс істеп жүр.

Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Қостанай облысында мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Аймақтағы жол жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында жұмыс күші ретінде жергілікті тұрғындарды көптеп еңбекке тарту маңызды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының басты мақсаты да осы. Мемлекет қаржысына жөнделіп жатқан жол, я оңдалып жатқан нысан сол маңайдағы жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне де ықпал етуі тиіс. Бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы бүгін облыс әкімдігінде талқыланды.

Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Қостанайда тағы бір провизорлық госпиталь ашылды

Қостанайдағы "Достық" санаториясы бүгіннен бастап провизорлық госпиталь қызметіне кірісті. Стационар дәрігерлермен толық қамтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Қостанайда медициналық қызмет көрсететін шағын топтар жұмыс істей бастады

Облыс орталығында пайда болған жаңа  қызмет тобының құрамында бір дәрігер және бір медбике бар. Мобилді бригадалардың басты міндеті – амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға дәрігерлік көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, науқастарға мемлекет беретін тегін дәрі-дәрмектерді де жеткізіп береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Қостанай дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бұл туралы Instagram аккаунтындағы жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz