
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Түркиядан жеткен гуманитарлық көмек Торғайға жөнелтілді
Қостанай облысына кезекті гуманитарлық көмек келіп жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Түркиядан келген жүкті облыстың денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Қостанай облысында браконьер ұсталды
Жангелді ауданына қарасты Байтұрсын ауылынан 15 шақырым жердегі Қарасор өзенінің маңайында 38 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Күдіктіні тексеру барысында одан сойылған ақбөкен еті мен аңшы мылтығы және 12-ші калибрлі екі оқ тәркіленіп алынған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Пандемияға қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Қостанай қаласының тұрғыны аймақтағы қатерлі індеттің қайдан шыққанын өзінше топшылап, әлеуметтік желі арқылы "халыққа химиялық у шашылған" деген жалған ақпарат таратқан, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Қостанай облысында тағы бір зертхана іске қосылды
Аймақта бұған дейін COVID-19 індетін анықтайтын 4 зертхана жұмыс істеп келген. Оның үшеуі "Ұлттық сараптама орталығына" тиесілі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Қостанайда короновирус және пневмония белгілері бар науқастарға дәрігерлік көмек көрсететін қосымша шағын медициналық топтардың жұмысы көпшілік көңілінен шығуда. Әр емхананың жанынан ашылған мұндай мобильді топтар амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға ем шараларын жүргізеді.
Руханият • 23 Шілде, 2020
Троицк мешітінің имамы киіз үйде тұрады
Қазақ руханиятының тарихында өзіндік орны бар Троицк шаһарын жанай ағып өтетін Үй өзенінің сол жақ жағалауындағы боз бетегелі кең алқапта кәдімгі қазақтың ағаш керегелі ақ шаңқан киіз үйі тұр. Ескінің өзіндей, ата-бабаның көзіндей көрінген еңселі ақбоз үй сонау алыстан көз тартып менмұндалайды. Сондықтан алыс-жақынға сапарға шыққан жолаушы бұл үйге қарай еріксіз ат басын бұрып қызықтап келіп, аз-кем аялдап өтеді.
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті жиілеп кетті
Апшыны қуырған аптап ыстықтың салдарынан аймақ ормандарында өрт қаупі күшейіп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қара орманның қызыл жалынға орануына табиғи құбылыстармен қатар, орманға шығуға шектеу қойылғанына қарамастан қаланың қапырығынан қашып, табиғат аясын саялаған демалушылар да себеп болуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды
Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды
Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Қостанайға мәскеулік мамандар көмекке келді
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жеке келісімімен Қостанайға Ресей астанасынан 15 дәрігер келді. Олардың ішінде пульмонолог, хирург, анестезиолог-реанимотолог, инфекционист, эпидемиолог, рентгенолог, дәрігер-зертханашылар бар, деп жазады Egemen.kz