
Экономика • 16 Қараша, 2020
Карантинде ашылған кәсіпорындар
Қазіргі күрделі кезеңде кәсіп ашу деген қардың үстіне қазан қайнатамын дегенмен бірдей шығар. Бірақ «тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді», Қостанай облысында пандемия жағдайында да көзін тауып жаңа бизнес ашып, табысты еңбек етіп жатқан жандар бар.
Экономика • 16 Қараша, 2020
Қамыстыға көгілдір отын келеді
Аймақтарды дамыту бағдарламасына орай, Қостанай өңірін газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Орталықтан алыста орналасқан Қамысты ауылына да көгілдір отын жететін болды.
Аймақтар • 13 Қараша, 2020
Қостанай облысында бір топ браконьер ұсталды
Қостанай облысында екі елік атып алған браконьерлер тобы ұсталды. Олардан екі ұңғылы мылтық тәркіленіп алынды. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қараша, 2020
Қылмыстың тең жартысы қашықтан тергеледі
Қостанай облыстық полиция департаментінде өткен жиында аймақтағы тергеу қызметінің 10 айлық жұмысы қорытындыланып, жалпы ішкі істер органдары қызметін цифрландыру мәселесі қаралды.
Руханият • 13 Қараша, 2020
Кировск қаласында Сұлтан Баймағамбетовтің мүсіні қойылды
Небәрі 23 жасында ажал оғын боратып тұрған жау дзотына кеудесін төсеп, қаруластарын жеңіске бастаған қазақ батырының қола мүсіні Ресейдің Ленинград облысына қарасты Кировск қаласында 2001 жылдан бері тұр.
Аймақтар • 12 Қараша, 2020
Қостанай облысында ауыл тұрғынын алдап кеткен екі алаяқ ұсталды
Бейімбет Майлин ауданында ауыл тұрғынын алдап, ақшасын алып кеткен алаяқтардың әрекеті бейнекамераның көмегімен әшкере болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаржылық алаяқтық қылмысты ізін суытпай ашып отыр.
Аймақтар • 12 Қараша, 2020
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақта коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2020
Қостанайға 3 мың компьютер әкелінді
Қостанайға қашықтан оқып жатқан оқушыларға арналған 3 мың компьютер жеткізілді. Оқу құрылғылары дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты ғимаратына түсіріліп, БАҚ өкілдерінің көзінше тексеріліп, түгенделіп, қабылданып алынды.
Руханият • 12 Қараша, 2020
Соңғы жылдары санамызға волонтер деген ұғым мықтап орнықты. XVIII-XIX ғасырларда батыста өз еркімен әскер сапына келген сайыпқыран жастар осылай аталған екен. Уақыт өте бұл сөздің мағынасы кеңейіп, өз жүрек қалауымен ақысыз-пұлсыз қоғам игілігіне қызмет етуші ерікті жастар деген ұғымды білдіретін болды. Біздің қоғамда волонтер ұғымының пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Бірақ осы волонтерлік – қазақ баласының қанында ежелден бар қасиет.
Аймақтар • 11 Қараша, 2020
Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлеріне арналған ІІ республикалық «Жас толқын» байқауы мәресіне жетті. Екі айға созылған шығармашылық байқауға 80-ге жуық жас автор қатысып, төл туындыларын сақа шеберлерден құралған қазылар алқасының таразысына салып көрді.