Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Тағы бір инфекциялық стационар ашылды
Қостанайдағы қалалық аурухана өз жұмысын тоқтатып, шілденің 28-інен бастап инфекциялық стационар қызметін атқарады.
Аймақтар • 29 Шілде, 2021
Қостанай облысының Полиция департаменті шілденің басындағы ми қайнатар аптап ыстықта өрт тиген орманды сөндіруге атсалысқан ауыл тұрғындарына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етті.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеген
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жарты жыл ішінде 42 қылмыстың бетін ашқан. Оның 39-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қылмысқа жатады. Бұл жөнінде аталмыш департаменттің басшысы Қуаныш Бекбасов «Antikor.LIVE» жобасы аясындағы тікелей эфир барысында айтты.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Қостанай облысында шектеу қайта күшейеді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов індеттің алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында тамыз айының бірінен бастап бұрын алынып тасталған шектеулердің біразын екі апта мерзімге қайта енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 27 Шілде, 2021
Науырзымда қорықшылар туралы фильм түсіріледі
Жаңа кинотуынды Қостанай облысындағы Науырзым қорығында түсірілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Індеттен сақтанудың ұтымды жолы
Екпе көпке текке салынып жатқан жоқ. Мұны еліміздің әрбір азаматы іштей шындап түйсініп келе жатқан сыңайлы. Өйткені бүгінде әу баста ел ішінде қаулап кеткен екпе төңірегіндегі алыпқашпа әңгіме кәдімгідей саябырсып қалды. Бұқараның дені енді індетке төтеп берудің жалғыз жолы вакцина қабылдау екенін дұрыс түсіне бастағандай. Бұған Қостанай облысында қарқынды жүріп жатқан вакциналау үдерісі дәлел бола алады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
«1000 отбасылық ферма» жобасы басталды
Қостанай облысында «1000 отбасылық ферма» деп аталатын ерекше жоба басталды. Мал басын көбейте отырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды көздейтін игі бастама алғаш рет Меңдіқара ауданында қанатқақты жоба ретінде қолға алынып отыр. Бұған Молодежный ауылынан – екі, Буденов елді мекенінен – бір, аудан орталығы Боровскойдан төрт отбасы қатысуда.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Қостанай облысында 8 әйел ауыл әкімі болып сайланды
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко өңірлік бұқаралық ақпарат тарату қызметі орталығында ауыл әкімдері сайлауының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Шілде, 2021
Қостанайлық әуесқой велоспортшылар Науырзым қорығына велосипедпен барып қайтуды жөн көріп отыр. Шараны ұйымдастырып жатқан «Қостанай велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қанат Сағымбаевтың сөзінше, саяхатшылар сапар барысында ұзын-ырғасы 440 шақырымды жүріп өтпек.
Сайлау • 26 Шілде, 2021
Ауыл тарихындағы айрықша оқиға
Қостанай облысында 23 ауыл, 2 кент, 40 ауылдық округтің тұрғындары ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы анықтады. Өңірде таңғы сағат 7:00-ден бастап барлығы 173 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.