Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1865 материал табылды

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Қызылорда: Аудан орталығында спорт алаңдары салынады

Биыл Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы салынады. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қызылорда: Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Едігеев Ғалым Қайырбекұлы облыстық  мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пункттерін дамытпақ

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірдегі бизнес-қауымдастық алдында берген есебінде айтты.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Байтақ елден бақыт тапқан

Тіршілікке енді талпынып келе жатқан құйттай сәбидің есінде не қалсын... 1937 жылы отбасы Хабаровск қаласынан эшелонға еріксіз тиеліп, бұрын ата-бабасы аяқ басып көрмеген қазақ даласына қарай бет алғанда Вилорий Шин бар болғаны 1 жасты енді толтырған екен. Заман түзелгенге дейін үлкендер сол депортация жайлы ара-тұра айтып қалатын. Үй-жайынан еріксіз ажырап, бір түнде пойызға мінгендер арасында ұзақ жолды көтере алмай үзіліп кеткендер де болыпты.

Руханият • 01 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бауырмал ұлтқа алғаусыз алғыс

Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақтармен бірге орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, грек, беларус, поляк сынды 13 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Экономика • 01 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бизнес саласының бюджетке түсімі артты

Былтыр облыстағы шағын және орта бизнес саласы бюджетке 73,8 млрд теңге салық түсірген. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық өкілдері алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Аймақтар • 29 Ақпан, 2020

Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Аймақтар • 29 Ақпан, 2020

Қызылорда: Былтыр кәсіптік білім алған 948 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Тағайындау • 29 Ақпан, 2020

Қызылорда: Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Шиелі аудандық мәслихаты келісімімен Шиелі ауданының әкімі болып Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы тағайындалды.

Абай • 28 Ақпан, 2020

Көшпелі көрмемен танысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қызметкерлері «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбындағы көшпелі көрмемен танысты.