Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1021 материал табылды

Өнер • 26 Шілде, 2022

Қарлагтағы қаламұш: Фризен

Ол жақсы ұстаз болды. Тұтас бір толқын тәрбиеледі. Фризеннің шеберханасынан шыққан суретшілердің әрқайсысы бөлек әлем – түрлі стиль. Жалпы, шығармашыл жандардың көбісінде ұстаздық қасиет бола бермейді. Өзгенің талантын байқау, шыңдау, дәл өзің сияқты тәрбиелеуге тырыс­пау, өзіңе ұқсатпау, өз бояуымен таныту, өзінің қаламына ер­кіндік беру, тынысын ашу – нағыз ұстаздың ісі. Содан болар Қарағанды жұрты Фризенді, ең алдымен ұстаз деп таниды.

Әдебиет • 24 Шілде, 2022

Сіз білмеген бір сыр бар

Оқырманға бәрі қызық. Ақын-жазушылардың шы­ғар­машылығынан бөлек жеке өмірі, күн режімі, қы­зы­ғу­шы­лығы, мінезі, әдеті, киім киісі, бәрі-бәрі. Жалпы, сөз өнерінде жүргендердің ләззаты да, азабы да жазу. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланыс­ты дейміз. Ол да рас шығар. Дегенмен автордың күн­де­лікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық. Әлқисса.

Кино • 21 Шілде, 2022

Денистің «Соқыр махаббаты»

Талантты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Со­қыр махаббат» фильмі 28 шіл­деден бастап прокатқа шы­ға­ды. Кинокар­тинаның бас продюсері – Тимур Бекмамбетов.

Өнер • 21 Шілде, 2022

Сазгер Саида

Өнерде шекара жоқ. Музыка да солай. Ұлтқа, тілге, дінге, ұстанымдар мен көзқарастарға бөлінбейді – тек талантты таңдайды. Адам да талғамайды. Жақсы әуенге тек жүрек керек. Нәзік сезімдердің нотаға түсіп, әуелей аспанға көтерілгенін тек есту керек. Жан-дүниеңді еліткен сол әуез жоғарылаған ­сайын өзің де бір толқып, бір түсіп, бір суып, бір ысып отырасың. Музыканың құдіреті де осы.

Кино • 20 Шілде, 2022

Дубляждың дүбірі басыла ма?

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салқыны әр салада бізге де тиіп жатыр. Біршама уақыт бұрын көрші мемлекетке салынған санкциялардан кейін Қазақстан кинотеатр­ларында Голливуд фильмдері көрсетілмей қалуы мүмкін деген күмән күшейген еді. Кинонарықтағы өнімдердің 70-80 пайызы ресейлік дәлізбен келетіндіктен, бұл, әрине, көрермен мен отандық дистрибьюторларды алаңдататын жағдай. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі киноөндірісті дамыту мәселелеріне арналған кеңес өт­кі­зіп, қазіргі уақытта шетелдік ком­паниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Тарих • 18 Шілде, 2022

Қарлагтағы қаламұш

Адамзат тарихында түрлі оқиға болды: соғыс, бейбітшілік, ашаршылық, құлау, қайта құру, Ғарышқа ұшу, Нобель, қуғындау, ату, ақтау... Бұның бәрі айтылып, жазылып, белгілі бір деңгейде зерттеліп жатыр. Әр қоғамның өз шындығы, өз әділетсіздігі бар. Сол әділетсіздіктердің бір куәсі – Қарлаг мекені.

Өнер • 18 Шілде, 2022

Уақыттың суреті

Ұлттық музейде Қазақстан мен Мажарстан мемлекеттері ара­­сындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуы­на орай, Мажарстан өнер академиясының мүшесі, графика суретшісі, аниматор, жазушы, Кошут атындағы ұлттық сый­лықтың лауреаты Иштван Оростың «Суретке салынған уақыт» атты көрмесі ашылды.

Өнер • 13 Шілде, 2022

«Қазақанимация» жақсы жаңалықтың бастауы болса

Әлемдік киноөндірісте анимациялық фильмдер жасауға жүз­деген миллион доллар жұмсалады. Нарықта табысты тауарға айналған мультфильмдер өз шығынын аз уақытта әлденеше есе артығымен ақтайды. Өйткені сұраныс та, сапа да, бәсеке де бар. Иә, анимациялық туындылар балаларды қызықтырып, уақытын өткізетін һәм танымдық тұрғыда жетілдіретін тәрбиелік құрал ғана емес, нарыққа шығатын көркем тауар сынды.

Әдебиет • 13 Шілде, 2022

Мен мармеладты жақсы көремін...

Өнер • 12 Шілде, 2022

Суретшілер Түркияда бас қосты

Ыстамбұл қаласында 23 маусым мен 3 шілде аралығында түркі су­рет­­ші­лерінің көрмесі өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбек­стан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінен суретшілер қатысты.