Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
180 материал табылды

Саясат • 29 Мамыр, 2025

Қазақстан – Ресей: мәдени қарым-қатынас беки түсті

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің рәмізі ретінде Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қоғам • 27 Мамыр, 2025

Қазақ мәдени орталығы ашылды

Біріккен Араб Әмір­лік­терінде бас консул­дық пен кәсіп­керлердің тіке­лей қолдауымен қа­зақ мәдени орталығы ашыл­­ды. Аталған ұйым ше­тел­дегі отандастарды біріктіріп, ұлттық құн­дылықтарды наси­хат­тауды мақсат етеді.

Тұлға • 22 Мамыр, 2025

Қайрат Байбосынов: Бұл – дәстүрлі әнімізге лайықты баға

Халық өнерімен мың жасайды. Ұлттың бар болмысын, дәстүр-тарихы мен мінезін өнерінен тануға болады. Өз топырағынан тамыр тартатын ұлттық өнер ешбір шектеу мен шекараға сыймайтын, жоғары баға мен мақтау-мадақтан да биік қасиетке ие. Сонысымен де ол – өнер.

Театр • 22 Мамыр, 2025

«Шеңбер»

Қаллеки сахнасында «Шеңбер» атты жаңа қойылымның салтанатты премьерасы өтті. Спектакль неміс драматургі Бертольд Брехтің әлемге әйгілі «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған.

Мәдениет • 21 Мамыр, 2025

Ұлттық құндылықтар әлемі

Мәдениет пен өнер – кез келген елдің мызғымас рухани діңгегі саналады. Бұл діңгектің мықты болуы, әрине, сол ұлттың сапасына, экономикасы мен дамуына әсер етеді. Иә, өнер – ұлттың жаны, мәдени тамыры.

Айтыс • 21 Мамыр, 2025

Париж төріндегі айтыс

Күні кеше ғана ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен дүбірлі айтыс өтті. Достық кездесу бауырлас екі халыққа – қазақ пен қырғызға ортақ бірегей өнердің 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енуінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мәдени іс-шараға Түркі Мәдениеті және мұрасы қорының өкілдері де қатысты.

Өнер • 20 Мамыр, 2025

Дүбірлі фестиваль басталды

Ел астанасында «Опералия» халықаралық музыка фестивалі басталды. «Астана Опера» театрында салтанатты қызыл кілем жайылып, алдағы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Ролан Петидің үш туындысының премьерасы қойылды.

Басылым • 16 Мамыр, 2025

Сазгер сыры

Ұлттық академиялық кітапханада әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Менің жалғыз жұлдызым» және түрік тілінде жарық көрген «Қош дерсің» атты жыр жинақтарының, сондай-ақ «Сағыныш-ғұмыр» атты партитуралар жинағының таныстырылымы өтті.

Айтыс • 14 Мамыр, 2025

Париж. ЮНЕСКО. Айтыс

Күні кеше ғана жақсы бір жаңалық естідік. Париждегі Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында Франция астанасында қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен айтыс өткелі жатқанын хабарлап, Еуропадағы ағайындарымызды төл өнерімізді тамашалауға шақырыпты. Көңіл қуантар хабарды ести сала Парижге телефон шалдық. Алдағы мәдени оқиғаның мән-маңызы мен сипаты жөнінде сұрап білдік.

Көрме • 01 Мамыр, 2025

Жанға азық жәрмеңке

Астана жұрты үшін дәстүрге айналған «Eurasian Book Fair-2025» Еуразия­лық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі биыл Ұлт­тық кітап күнінің қар­саңында өтті. Жүздеген баспа, мыңдаған кітап, бұрыш-бұрышта авторлармен кездесу, автограф-сессия­лар, тұсаукесерлер Президент орта­лығын­дағы көр­ме алаңын азан-қазан рухани базарға айналдырып жібергендей. Әрине, жылы­на бір рет болатын мәдени мереке – оқуға құмар жандарға таптырмас мүм­кіндік. Ыбырайша айт­сақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табы­латын» көр­меден кім құр қалсын!