Өнер • 06 Қаңтар, 2026

Жұлдызды сәт

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жыл «Астана Балет» театры үшін жетістіктерге толы жемісті кезең болды. Театр бес премьера ұсынды, оның үшеуі – ұлттық хореографиялық миниатюра. Жалпы, 50 мыңға жуық көрермен қатысқан 83 спектакль қойылды. Ұжым өңірлерді аралап, Павлодар, Алматы және Қостанайға гастрольдік сапарын сәтті өткізді.

Жұлдызды сәт

Жылдың ең жұлдызды премьерасы Карл Орфтың «Carmina Burana» балет-кантатасы болды. Театр сахнасында алғаш рет хор, оркестр, солистер мен балет әртістері бір сәтте өнер көрсетті. Спектакль XIII театр маусымын салтанатты түрде жауып, жыл соңында кәсіби қауымдастық тарапынан «Жыл балеті» атанды.

Сондай-ақ өнер ұжымы Оңтүстік Кореядағы «Cheonan World Dance Festival 2025» дүниежүзілік би фестивалінен күміс медаль иеленді. Онда әртістер көрермен көзайымына айналған «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасының хореографиялық миниатюраларын көрсетті. Ұжым әлем сахнасында ұлттық хореография мектебінің бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, елдің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңі-нен танытты.

Бұдан бөлек, былтыр театр репертуары екі актілі «Қос кілем» балеті­мен толықты. Мемлекеттік мерекелерге орай «Мәңгі ел» концерттік бағдарламасы аясында ұсынылған жаңа хореографиялық миниатюралар әзірленді.

Аталған жыл театр құрамы үшін де нәтижелі болды. Театр әртістері «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды, ал бас балетмейс­тер мен жетекші солист «Benois de la Danse 2025» беделді халықаралық сыйлығының номинанттары атанды.

Соңғы жаңалықтар