
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022
«Алтын тобылғы» байқауының салтанаты
Ел астанасында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Желтоқсан, 2022
Ұлттың сапа деңгейін көтеруде Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі орасан. Рухани көсемнің ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерейтойы елдігімізді танытты. Таяуда Ұлттық музейде Алаш ардақтысына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2022
Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет шығармашыл жандарға арналған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп болды. Десек те бақ шаба ма, бап шаба ма?..
Дәстүр • 05 Желтоқсан, 2022
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Тал бесіктен – жер бесікке…» атты театрландырылған қойылым ұсынған еді. Сахналық туындыға деген алғашқы әсер резонанс тудырып, жоғары бағаға ие болды. Сол қойылым араға жыл салып, күні кеше ғана «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында көрсетілді.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022
Министрлер балалар басылымына қолдау білдірді
Биылғы баспасөзге жазылу науқанына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ел астанасындағы «Қазпошта» бөлімшесіне барып, бірқатар газет-журналға жазылды. Аталған ведомство басшылары Балалар жылының қарсаңында негізінен балаларға арналған басылымдарға басымдық бергендерін айтты.
Сұхбат • 30 Қараша, 2022
Өнер адамы үйренуден жалықпауы керек
Ел астанасында өткен Өзбек мәдениеті күндері аясында опера әншісі, Өзбекстанның халық әртісі, әйгілі Пиязовтар әулетінің мүшесі, Ла Скаланы бағындырған қандасымыз Жеңісбек Пиязовтың өнеріне кезекті рет куә болдық. Бас-баритон дауысқа тамсанбау да қиын. Орда бұзар отыз жасында көл-көсір қошеметке, атақ-даңқ пен марапатқа қол жеткізген өнерпазбен сахна сыртында аз-кем әңгімелесіп үлгердік.
Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Адам жан-дүниесінің қатпар-қатпар сырына, құбылмалылығына, түу тереңде тыншып жатқан кей мінездердің кездейсоқ бір сәттерде шыға келетініне шын өмірден гөрі көркем шығармада анық көз жеткізіп жатамыз. Әрине, нағыз суреткер жазушы ғана кейіпкердің санасына дейін сәуле түсіріп, ішкі күйін, әр сезімін, түрлі оқиғадағы жылт еткен ойын, әсерін, толғанысын шебер жаза алады. Сұлу сөз, сылдыр сөйлем, жансыз теңеуден ада қаламгер ғана адам жанының әр толқуын шынайы жеткізе алады.
Қоғам • 25 Қараша, 2022
Кейінгі уақытта елімізде шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы түрлі жоба көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып жатқан бастамалар бұл күнде нәтижесін беріп те үлгерді.
Қазақстан • 24 Қараша, 2022
Біз залға кіріп келгенде белгісіз бір бояуға толы дауыс шығып жатты. Белгісіз бір бояу дейтініміз, әншінің кәдуілгі сыңғырлаған нәзік үні де емес, қобыздың үніндей қоңыр дауыс. Бір уақытта мұңды, енді бір сәтте зарлы әуезге ауысып, әншінің сонау жан түкпірінен талмаурап, тұншыға шығып жатқандай.
Қазақстан • 23 Қараша, 2022
Өзбек мәдениеті күндері басталды
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Мәселен, күні кеше ғана ел астанасында басталған ауқымды іс-шаралар өзбек халқының өнеріне арналды. Өзбекстан Республикасының Мәдениет күндері аясында өтіп жатқан рухани жиын екі күнге жалғасады.