
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Тереңнен тамыр тартқан түбі бір Түркі әлемі үшін биыл айрықша оқиғаларға толы болды. Бауырлас елдердің бірнешеуінде қатарынан бір ғасырлық мерейтойлар аталып өтіп жатыр. Атап айтсақ, Түркия Республикасының құрылғанына, Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен көрнекті қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Театр • 21 Желтоқсан, 2023
Женева көрерменін тәнті еткен «Астана балет»
«Астана балет» театрының Швейцарияға гастрольдік сапары табысты өтті. 15-17 желтоқсан аралығында қатарынан үш күн елордалық театр әртістері Женеваның Batiment des Forces Motrices мәдени орталығында қазақ балет өнерін паш етті. Гастрольдік көрсетілімнің бәрі аншлагпен өтіп, көрермен қауым әртістерге тік тұрып қошеметін білдірді.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2023
Шын мәнінде, егемендіктің, еркіндіктің ақ таңына дейінгі азапты жолда кімдердің ізі қалғанын, рухты жырында кімдердің даусы естілетінін Жер-ана жақсы біледі. Қатпары қалың болса да, оқулығы жұқа тұнған тарих та куә. Қаншама жан азаттыққа қол созды, қаншама қадам жасалды, гүлдер солды, үміттер үзілді, шырағы сөнді. Рух сілкінді, тарихи сана оянды. Бұл «соғыста» ұлтының тәні мен жаны ояу болсын деген талай қайраткер қалам арқылы күресті. Елдің рухын берік етіп, ішкі сенімін күшейткен қаншама сүйекті шығарма қазақ аңсаған азаттыққа жол салды.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2023
Өнер мен баға немесе бәсі 139 миллион доллар картина
Шығармашылық ғұмырын аңызға айналдырған Пикассоның осы уақытқа дейін талай картинасы адамның қиялына сыймайтын, ессіз бағаға сатылды. Суретші көзі тірісінде де кедей болған жоқ. Ол өмірден өткенде байлығы 1 миллиард 100 миллион долларды құраған. Бір кездерде нан алуға ақша таппаған Пикассо өзі қалаған өмірге ақыры жетті. Өнері жеткізді. Жалпы, Пикассоның өмірі мен өнері хақындағы әңгіме таусылған ба?.. Қаузай берсең, мың бір түнге жалғасады.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2023
Бейнесі аңызға айналған Анна Ахматованың портреттері көпке мәлім. Ақынның суретін әр жылдары Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі. Иә, аңыз-тұлғаның өмірінің әр кезеңін бейнелеген туындыларда сол уақытқа сай ақынның көңіл күйі де көрінетіндей. Десе де бірнеше портретіне ортақ бір күй бар – мұң. Қай суретшінің қылқаламындағы Ахматоваға қарасаңыз да биік рух, сырбаз бейне, асқақ жан, жанарынан есетін қоңыр мұңды байқамау мүмкін емес.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
«Халық жазушысы» кімдерге беріледі?
Әлемде мың-сан өнер бар: әдебиеттің жөні бөлек. Әлемде мың-сан жанр бар: көркем шығарманың жөні бөлек. Адамның қатпар-қатпар жан дүниесінің терең сырына бойлап, табиғатын, шынайы мінезі мен болмысын, жан тебіренісін шебер суреттеп, оқып отырған жанды әлемтапырық күйге түсіретін де әдебиет. Жазушының «тәтті тамұғынан» тұншыға шыққан шығармасы санаңда сілкініс жасап, дәл осындай әсер қалдыратыны тылсым бір күш сынды.
Тағзым • 29 Қараша, 2023
Ұлан-ғайыр қазақ даласының бір түкпірінде қоларбада отырып компьютерге үңілген, етпеттеп жатып арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай есімі баршаға таныс. Таныс қана емес, есімінің өзі аңызға айналды. Өмірінің өзі мифке ұласты.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Ұлттық мұражайда музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты поэзия кеші өтті.
Өнер • 27 Қараша, 2023
Домбырашының он саусағынан төгілген күмбір күйге ағаш жануар билеп қоя берді. Тұрған орнында әрі-бері секіріп, түз тағысындай ойқастайды келіп. Тұяғының дыбысы түгел залға естіліп тұр. Тық-тық-тық... Әсем әуенге еліткен жұрт шанақтан төгілген күймен үндесе билеген қуыршақтарға тәнті болып, әр қимылынан көз ала алмай отыр. Иә, бұл – «Ортеке» биі.
Қазақстан • 24 Қараша, 2023
Ұлт мәдениетінің әлемдік абыройы немесе Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай орындалып жатыр?
Әр ұлт қай заманда да дәстүрімен, мінезімен, болмысымен, мәдениетімен ерекшеленеді. Әр халықтың тарихтан тамыр тартатын ұлттық бояуы, айшықты мұралары болатыны да сөзсіз. Бұл мұралар – сол елдің мәдени байлығы.