
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында этноауылдағы концерттік алаңда дүбір басталғалы бері түрлі мәдени бағдарлама өтіп жатыр. Әр облыстан арнайы келген өнер ұжымдары додаға жиналған қауымға мерекелік кештерін ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлап жатқаны да мәлім.
Әдебиет • 09 Қыркүйек, 2024
Жазушылық – өнер дейміз. Әрине, заманына қарай кәсіпке айналдырғандар да бар. Сондықтан жазуды әркім әртүрлі қабылдайды. Иә, жазамын деп ешкім жазушы болып кетпейді. Жазбаймын деп тағы ешкім жазбай кетпейді. Бұл өзі өнер, кәсіп дегеннен бөлек бір ауру сынды.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2024
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: соны бағыт, тың серпін
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына қатысты брифинг өтті. Алқалы жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері Жандос Ақтаев пен Арайлым Серікбай қатысты.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2024
Президент 100 ауылға 10 мың кітап тарту етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің 100 ауылының кітапханасына көркем әдебиет сыйға тартылды.
Көрме • 03 Қыркүйек, 2024
Конституция күні қарсаңында Петропавл қаласында «Ботай» арт-галереясының салтанатты ашылуы өтті. Өңірдің мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, белгілі суретшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аталған жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы – Суретшілер одағының мүшесі Болат Әсербеков.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2024
Туризмді дамытуға арналған тренинг
Жуырда Ұлытау аулында жергілікті туризмді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен БҰҰ ДБ-ның «Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдай жасау және Ұлытау тау жотасының табиғи және тарихи-мәдени нысандарын қорғауға көмектесу» жобасы аясында тренинг өтті. Алқалы жиынға жергілікті қоғамдастық пен сарапшылар қатысты.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2024
Ыстықкөл сапары немесе Әуезов көшесі, №3
Шолпан ата қаласына (Қырғызстан) іссапармен баратынымызды естіген мезетте-ақ, ең алдымен, Әуезовтің үйіне соғуды ойладық. Сол сәттен бастап Ыстықкөл жағасындағы қазақ-қырғыз руханиятының киелі шаңырағына айналған жазушының үйі ойға орала берді. Мұқаңның Алматыдағы мұражай-үйінде талай болсақ та, қырғыз шәріндегі саяжайына аңсардың ерекше ауғаны рас. Заңғар жазушының қырғыз бәйкелерге деген көңілінің тым бөлек болғанын да ел біледі. Әуезов үйінің ауласында Шыңғыс күтіп отырғандай, ұлы Манастың рухы шақырып тұрғандай біртүрлі асықтық...
Қоғам • 24 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мәдениет және ақпарат министрлігі әдеби саланы дамытуға және жас авторларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – Алматы облысынан бастау алған жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур.
Өнер • 23 Тамыз, 2024
Мажарстан сахнасында ән шырқайды
«Астана Опера» театрының солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, халықаралық байқаулардың лауреаты Азат Мәлік күзде Мажарстан мемлекеттік опера театрының сахнасында америкалық композитор Джон Адамстың «Қытайдағы Никсон» операсының премьерасына қатысады. Қазақ елінің баритоны 22, 29 қыркүйекте, сондай-ақ 5 қазанда өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Мәдениет • 23 Тамыз, 2024
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аяқталды
Душанбе қаласында еліміздің Тәжікстан Республикасындағы мәдениет күндері аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен үш күнге созылған еларалық жиында бірқатар ауқымды іс-шара өткізілді.