Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1020 материал табылды

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024

Мәдени мұраларды қорғау бастамалары

Абай атындағы ҚазҰПУ-де Мәдениет және ақпа­рат министрі Аида Балаева­ның төраға­лығы­мен ЮНЕСКО қор­ғауын­дағы Қазақстан­ның тарихи және мәдени мұрасын сақтаудың кешенді жос­парын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2024

Сарғабан стихиясы

Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Жазуды ардың ісіне балаған әр жазушы, ең алдымен ізгілікті, адамдық игіліктерді көздейді. Яғни нағыз әдебиет – сол уақыт, сол тіршілік, сол өмір. Сол кезеңдегі қоғам келбеті, заман шындығы, халықтың көзқарасы, талғамы, ойы мен сөзі – бәрі-бәрі шығармаға арқау болмақ. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ шығармасын көресің. Оны жұрттың бәрі жапа-тармағай оқымаса да көркем тілі мен сюжет тынысы, динамикасы бір-бірімен астасып, шебер үйлесім тауып жатады. Көркемдік айшықтар тереңнен өріліп, бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездеседі. Біреу әділет іздеп шарқ ұрса, енді біреу өз әділетімен ғұмыр кешіп бағады. Шексіз қиялдан, жасанды оқиғадан, сұлу сөзден ада автор өмірдің нақ өзін суреттейді. Адам жанының тереңіне үңіледі. Өмірді білетіндігі соншалық, шығарманың шынайылығына таңғаласың. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға» повесін оқып отырып, осындай ойға келдік.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2024

Елордалық труппа – Аспендос сахнасында

«Астана балет» театрының труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI халықаралық опера және балет фестиваліне қаты­сып, зор ықыласқа бөленді. Айта кетейік, елордалық өнер ұжы­мы аталған фестивальға шақырылған жалғыз шетелдік труппа.

Музей • 26 Қыркүйек, 2024

Лувр музейімен ортақ жобалар басталады

Астанада Ұлттық музей­дің 10 жылдығына ар­налған Қазақстан музей конгресі өтті. Жиын­ға 12 ел­ден 100-ден аса зерт­теу­­­ші мен музей қыз­мет­­­кері қа­тысты. Ауқым­­­ды іс-шара аясында Мә­де­­ниет және ақпарат ми­нистрі Аида Балаева Лувр музейі­нің Ислам өнері де­па­р­­та­ментінің директоры Сурая Нуджайыммен, Фран­­цияның Қазақстан­дағы Төтенше және өкі­лет­ті ел­шісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024

Ұлытаудағы үш күн

Қала мен даланың айырмасы көп: ауа­сы мен аспаны да бөлек, Күн­нің шығуы да, батуы да ерек. Сам­саған жұлдыздардың жарығы көз қарықтырады. Байқасақ, қа­ланың биік үйлері мен қаптаған құрылысы қиялды шектейді. Артық ойға орын бер­мейді. Ал шексіз дала ми кеңістігін кеңейтеді, шабытыңды тасытып, тынысың ашылады. Шетсіз сары дала ойыңды да шексіз ететіндей. Қас тұлпардай құйғытып шабады. Аттаған әр қадамың – тұнған тарих. Әр тау-тастың айтар аңызы бар. Құстары да осы даланың жырын жырлайды. Анау төбе, мына жазық ұлттың кешегі елесіндей қылаң береді. Ұлытау өңіріне жасаған үш күндік сапарымызда бір сәт осындай күй кештік.

Өнер • 19 Қыркүйек, 2024

Лондонда топ жарды

Өнерде шекара жоқ. Өнерде талай тағдыр бар. Тасты жарып шыққан талант та өнер биігін бағындыра алатыны сөзсіз. Күні кеше ғана Лондоннан сүйінші хабар жетті. Елордалық Абылай Мұстафин Лондонда өткен «Алтын уақыттың дарыны» өнер байқауында ортасынан оза шауып, бас жүлдені еншіледі.

Басылым • 13 Қыркүйек, 2024

Өлең өлкесіндегі «Жауырыншы»

Бүгінгі шығармашыл жандар әлеуметтік желілерде белсенді келеді. Әрине, бұл смартфон қоғамында жазған-сызғаныңды насихаттауға да таптырмас құрал болып отырғаны рас. Десек те жылтылдаған әлеуметтік желілерден жырақ, оқырман көзінен тасада жүретін қаламгерлер бар. Өз тыныштығында жазуы жазылып жатады, кітабы таралып жатады.

Мирас • 12 Қыркүйек, 2024

Мәртөбе мәртебесі

Жуықта ғана Әбіш Кекілбайұлының немересі Абыл жазушы мұрағатынан бір бейнежазба жіберіпті. Сары далада жаяу жүрген бір топ зиялы. Ортада – маңдайы жарқырап, қолын сермеген сайын әр тастың тарихын жатқа соғып тұрған абыз Әбіш. Табанының астындағы төбенің киесін сезініп, ата-бабаның рухы қонғандай толғатады келіп. Сонау қатпар-қатпар дүниенің дүбірінде қалған ғасырлардан тебірене сыр шертеді. Не деген толассыз білім десеңізші. Дәл бір қазған сайын бұрқ-сарқ етіп бұлқына атқылайтын бұлақ сынды. Қарымды қаламгер, көрнекті тұлғаның қандай бейнесі болса да оқырманға ыстық емес пе? Сонау ескі жылдардың елесінде түсірілген бейнежазбаны тарихтың моншақ-көзіндей, кешегі күннен қалған бір белгідей қабылдап, өткен уақытқа сапар шектік.

Жәдігер • 12 Қыркүйек, 2024

Алтайдың маңы мол мұра

Ел астанасында V Дүние­жүзілік көшпелілер ойын­да­ры аясында «Алтай – түр­кі әлемінің алтын бе­сігі» ат­ты VIII халық­аралық ғы­лыми-тәжі­ри­бе­лік кон­ференциясы өтті. Биыл бірінші рет елор­дада өт­кен алқалы жиында шетелдік ғалымдар мен ар­хео­лог­тердің қаты­суы­мен Шы­ғыс Қазақ­стан облысына жасалған архео­логиялық зерттеу жұ­мыстарының қорытын­ды­сы баяндалды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024

Этноауылдағы мереке

V Дүниежүзілік көш­пелілер ойындары аясында этноауылдағы кон­церттік алаңда дүбір басталғалы бері түрлі мәдени бағдарлама өтіп жатыр. Әр облыс­тан арнайы келген өнер ұжымдары додаға жи­налған қауымға мере­келік кештерін ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлап жатқаны да мәлім.