
Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025
Еркін Оңғарбаев: Конституция үстемдігі – әділеттілік қағидатының арқауы
Биыл еліміздің басты заңдық құжаты, Тәуелсіздігіміздің шамшырағы болған Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымызға кейінгі жылдары уақыт талабына сай өзгерістер енгізіліп отырды. Соның бірі де бірегейі – 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдум арқылы жүзеге асқан конституциялық реформа. Біз Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаевты әңгімеге тартып, аталған реформаның қоғамға қандай өзгерістер алып келгені жайында білген едік.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Сенаторлардың өңірлерге сапары аясында депутаттар Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина Қостанай облысының Сарыкөл ауданына ат басын бұрды. Жұмыс сапары барысында парламентшілер ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, аграрлық кәсіпорындардың қызметімен және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты.
Саясат • 19 Тамыз, 2025
Берік сенімге негізделген бауырластық
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.
Айбын • 16 Тамыз, 2025
«Бейбіт өмір сүргің келсе, қорғанысыңды қамда, жауынгерлеріңді дайында, жар астындағы жауға төтеп беруге әзір бол» деген сөздің астарында ақиқат жатқаны анық.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Адвокатура мен медиация жүйесін жетілдіру жолы
Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктерді нығайту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мен халыққа заң көмегінің қолжетімділігін кеңейту – өзекті мәселе. Сенатор Евгений Больгерттің Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерімен кездесуінде осы мәселелер әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ адвокатура институтын дамыту, адвокаттар қауымдастығы қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды.
Заң мен Тәртіп • 14 Тамыз, 2025
Елімізде халық пен көлік санының артуы елді мекендер ішіндегі әрі қалааралық жолдарға түсетін жүктемені арттыратыны белгілі. Соның салдарынан жол-көлік апатының саны да азаймай тұр. Жыл сайын 2,5 мыңдай адам жол үстінде қаза тауып, 10 мыңдай адам жарақат алатыны – сөзіміздің айқын дәлелі.
Саясат • 14 Тамыз, 2025
Наркотизм – ұлт саулығына төнген қатер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында нашақорлық күрделі әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылып, наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Құқық • 13 Тамыз, 2025
Сот орындаушыларының жұмысын тиімді ету – құқық қорғау саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Сенатор Евгений Больгерттің Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басшылығымен кездесуі барысында осы мәселе әңгіме арқауына айналды. Ал депутат Қайрат Тастекеев Семей қаласындағы Медициналық университет госпиталімен танысты.
Салық • 08 Тамыз, 2025
Салық кодексінің ережелері талқыланды
Сенат депутаты Евгений Больгерт пен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Семей қаласында жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда талқыланған басты тақырып – жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері.
Форум • 06 Тамыз, 2025
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы (LLDC3) аясында парламенттік форум ұйымдастырылып, оған Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов қатысты.