Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
462 материал табылды

Форум • 13 Желтоқсан, 2023

Берері көп бизнес-форум

Экономикалық ынтымақ­тас­тық аспектілерін талқылау мақсатында отан­дық 200-ге жуық кәсіпкер мен шетелдік инвес­тор Қонаев қаласында бас қосты. «Аlatau invest» халық­аралық бизнес-форумын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты түрде ашып, бұл іс-шара эконо­ми­ка­лық ахуалды өрістетуге және бірнеше ел мен компания арасындағы ынты­мақ­­тастықты нығайтуға көмектесетін негізгі оқиға саналатынын айрықша атады.

Форум • 11 Желтоқсан, 2023

Байланыс нығая түспек

Алматы облысында алғаш рет өткен «Amanat» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумы халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты нығайтуға негізделді.

Медицина • 11 Желтоқсан, 2023

Аурудың емі – екпе

Осы күні елімізде қызылшамен ауырғандар саны артып, алаңдаушылық тудырып отырғаны белгілі. Осыған орай, жаппай иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы • 10 Желтоқсан, 2023

Бағыттаушы белгілер орнатылды

Көз тұндырар көркем табиғатымен ерекшеленетін Алматы облысын туризмнің отаны десек, артық айтқандық емес. Жыл сайын өңірге ағылатын туристер саны еселенді. Соған лайық қызмет көрсету аясы да жанданып, жаңашаланып келеді.

Жоба • 07 Желтоқсан, 2023

Игілігі мол жоба

Биыл Алматы облысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 380-нен аса шағын несие беріп, ауыл азаматтарының істерін ілгерілетіп отыр. «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың мәлімдеуінше, жоба аясында бас-аяғы 1337 өтінім келіп түскен.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023

Волонтер болу – зор мәртебе

Қазіргі таңда Алматы облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының қатарында 200-ден астам волонтер бар. Жақсылық жасауға ниетті жастардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді.

Мәдениет • 06 Желтоқсан, 2023

Өнердің алтын ордасы

Қазақ даласындағы көмейіне бұлбұл ұялаған дүлдүл әншілер мен буынсыз бишілердің, қарасөздің қаймағын қалқыған жыршы-термешілердің басын біріктіріп, халықтық өнердің алтын ұясына, қарашаңырағына айналған Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының құрылғанына жарты ғасыр толып отыр. Ұлтымыздың ұлы мұрасы – дәстүрлі өнерді дәріптеумен қатар, көкжиегін кеңейтуді көздеген бұл өнер ұжымының қанатының астында мемлекет және қоғам қайраткері, өнер зерттеушісі Өзбекәлі Жәнібектің қолдауымен құрылған «Адырна», «Алтынай», «Сазген» сынды әйгілі ансамбльдер жұмыс істейді.

Алматы • 06 Желтоқсан, 2023

Кітап орталығы ашылды

Алматы облысында «Кітап-Amanat» атты айрықша үлгі­дегі кітап орталығы ашылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.

Бокс • 06 Желтоқсан, 2023

Толғанай – әлем чемпионы

Спортсүйер қауымның есінде болса, жақында ғана Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде таулы өңірдің түлегі Толғанай Қасымхан топ жарып, Азия чемпионы атанған еді. Бұл қуанышты хабарды естіген ел-жұрт боксшы қызды зор құрметпен күтіп алып, артынша тілеуін тілеп жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына шығарып салды. Әлем біріншілігінде де былғары қолғап шебері Толғанайға төтеп берер қарсылас табылмады.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Қауіпсіздік құрылғысы орнатылды

Алматы облысындағы білім мекемелерінде қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі 10 колледж бен 96 мектепке «FACE ID» ақпараттық жүйе­сі орнатылды. Бұл туралы облыстық білім басқар­масының баспасөз қызметі хабардар етті.