Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Торқалы 90 жасты орталаған Батыр ана Ұлтуар Молдасанова апаның қолынан кітабы түспейді. Кей сәттері құлаққап киіп, алақандай планшеттен өзі қалайтын киносын көріп, айтысты тыңдап отырады. Енді бірде көнерген альбомдағы сарғайған суреттерге зер салып, сағымға айналған бел-белестерді сағынышпен еске алатын кездері аз емес. Жүзге таяған кейуананың бұл қасиеті көпшілікті таңдандыратыны рас.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Керегесі таумен көмкерілген, табиғаты көркем Кеген өңіріндегі Тұйық ауылында тұратын Жаннұр Қуатқызы 11-сыныпта оқиды. Ауылындағы орта мектепті бітірген соң, жүрек түкпірінде жүрген арман-мақсаттарына қанат қақпақ.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2025
Халық саны 10 мыңнан асатын Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Содан бері құрылыс қарқыны төмендемей, уақтылы аяқталуы тұрғындардың қуанышын еселеді.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2025
Жамбыл ауданында 30 тұрғын үйдің ауласын су басты
6-наурыз сағат 08:25 шамасында Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылды. Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 06 Наурыз, 2025
Иығымен көк тіреген тау аңғарларының әсем көрінісін көздің қарашығындай сақтап, ондағы орманның оталмауын қадағалап жүрген тәжірибелі орманшының бірі – Болатхан Шалдырмасов. «Әке көрген оқ жонар» демекші, туған жердің табиғатын қорғауды бала жастан бойына сіңіріп өскен азамат осы салада ширек ғасырдан астам уақыт тапжылмай еңбек етіп келеді.
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балалар хоры мен ансамбльдерінің негізін қалаушы, композитор Ибрагим Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаттың іргесі қаланып, іске қосылғалы 60 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында облыстың әр түкпірінен келген сан жүздеген бала интернатқа орналасып, алаңсыз білім алып, үлкен өмірге қанат қақты. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің ошағына айналған мектеп-инернаттан түлеп ұшқан түлектер еліміздің әр саласына кірпіш боп қаланып, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүр.
Спорт • 05 Наурыз, 2025
Еңбекшіқазақ ауданында екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтын адам» республикалық турнирі мәресіне жетті. Жасөспірімдер арасында өткен татамидегі тартысқа еліміздің 10 өңірінен жас балуандар қатысты.
Қоғам • 02 Наурыз, 2025
Шөп шауып, көкпар тартқан Николай
Алғыс айту күні – кең байтақ Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдері қонақжай қазақ халқына жүрекжарды алғыстарын айтып, тағзым етуді дәстүрге айналдырды. Осыған орай, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының сәулелі зерттеу бөлімшесінің лаборанты Николай Недоводеевпен аз-кем тілдескен едік. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жас маман Отаны мен ортасына зор алғысын білдірді.
Мереке • 01 Наурыз, 2025
Алғыс айту мерекесі Алматы облысында да кең көлемде аталды
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Облыстық әкімдікте этносаралық келісім туралы маңызды пікірталастар өтіп, мерекенің шарықтау шегі қалалық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарлама болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Көрме • 01 Наурыз, 2025
Көптің көзайымына айналған көрме
Қарадала өңірінде ауыл шаруашылығы кең етек алған. Еңбекқор шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында жуырда Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ауданның танымал әрі тәжірибелі кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысты. Олар тауық еті, сүт өнімдері, бал, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары, басқа да өнім түрлерін ұсынды.