Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ
Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
151 материал табылды

Экономика • 29 Ақпан, 2024

Тауар таңбалау талабы

Тауар таңбалау ісін жолға қоюдың арқасында кейінгі бес жылда Еуразиялық эко­но­ми­калық одақ елдері (ЕАЭО) арасындағы контрабандалық тауар айналымы 30%-ға төмен­деген. Мамандар міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналымның үле­сі азайғандығын, өндірушілер мен импорттаушылар үшін бірнеше млрд теңге қаражатында қосымша өткізу нарығын құруға мүмкіндік бар екенін айтады.

Бюджет • 23 Ақпан, 2024

Бюджет кірісінің тұрақты көзі

Биыл бюджет тапшылығы 3,5 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Алдағы уақытта бюджетті тиімді басқару және өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау – Үкіметтің алдында тұрған басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет және салық саясатының тиімділігін түбегейлі арттыру еліміздің экономикасын дамытуда кезек күттірмейтін міндет деп баса айтты.

Депозит • 22 Ақпан, 2024

Жеке тұлғалар депозиті 20 триллионнан асты

Елімізде өткен жылы жеке тұлғалардың депозиті рекордтық көр­сет­кіш­те 20,4 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, бірден 20,6%-ға­ өскендігін көрсетеді. Салымшылардың депозиттері бойынша алғашқы он банкте айтарлықтай өсімділік жоғарылап, көш­басында «Bereke Bank» тұр. Мұнда жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бірден 2,1 есе ұлғайып, 430 млрд теңгені құраған.

Алматы • 21 Ақпан, 2024

Қала келбетіндегі келеңсіздік

Жақында Алматы қаласында Сәулетшілер одағы мен Сәулет-қала құрылысы қоғамдастығы жиын өткізді. Онда сала мамандары қаланың сыртқы келбетінің эстетикалық және тарихи ерекшелігінен айырылуы, қала құрылысында бірыңғай саясаттың жоқтығы, ауқымды нысандардың орынсыз салынуы сияқты мәселелерді кеңінен талқылады.

Инфографика • 21 Ақпан, 2024

Ел ертеңі – саналы ұрпақ

Қазіргі таңда заманға сай білім алып, бәсекеге қабілетті маман атануы үшін мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуы керек. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Алайда білім беру мекемелеріндегі орын жетіспеушіліктің салдарынан екі немесе үш ауысымда оқу оқушылардың білім сапасын төмендететінін сарапшылар айтады.

Өндіріс • 20 Ақпан, 2024

Өңдеуші өнеркәсіпке өзгеше көзқарас керек

90-жылдары нарықтық экономикаға көшу кезеңінде еліміздегі өндіріс орындары тоқырауға ұшырап, қаржылық тапшылықты бастан кешті. Осындай күрмеуі қиын мезгілде біздегі ірі кәсіпорындардың әлеуеті әлсіреп, біраз тәжірибелі маман «қара қазан, сары баланың қамы үшін» білімдерін ала дорбаға ауыстырған болатын. Қай салада да жағдай мәз емес, соның ішінде химия өнеркәсібі мүшкіл халде еді.

Экономика • 16 Ақпан, 2024

Табыс тетігі – биржада

2023 жылы Астана халықаралық биржасы (AIX) нарықтағы жоғары пайыздық мөлшерлемеге қарамастан, айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Сауда көлемі мен бизнеске біраз капитал тартылып, борыштық құралдардың арқасында 2 миллиард доллардан астам қаражат жинақталып, сауда-саттық пен инвестор шоттары артқан.

Жоба • 14 Ақпан, 2024

Әлеуетті әлеуметтік жоба

Былтыр «Amanat» партия­сы мен Halyk bank-тің «Қарызсыз қоғам» дейтін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бірлескен әлеуметтік жобасы қолға алынды. Жоба ауқымын кеңейтуде жол картасы бекітілді. Басты мақсат – берешегі бар қа­рыз алушылардың ғана емес, жалпы халықтың инвестициялық мәдениетін көтеру, бизнес жоспар құ­ру­ға, жеке және отбасы бюд­жетінің қажеттілігін үйретуге дағдыландыру.

Экономика • 13 Ақпан, 2024

Зергерлік бұйымдар сынамасына сын

Зергерлік өнер әрдайым көненің көзі ретінде бағаланып келген. Бүгіндері әшекейлердің сатылымда сұранымы жоғары. Дегенмен соңғы кездері бағалы металдан жасалған бұйымдардың шет мемлекеттерге заңсыз саудалануы белең алды.

Жоба • 13 Ақпан, 2024

Нәтижесі мардымсыз «Серпін»

Осыдан он жыл бұрын қабылданған «Серпін-2050» бағдарламасы сол кездері еліміздегі ұтымды әлеуметтік бастамалардың бірі бол­ғаны рас. Жобаның негізгі мақсаты жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беру еді. Өкі­нішке қарай, қазір бұл бағдарламаның нәтижесі көңіл көншітпейді.