Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ
Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
66 материал табылды

Өндіріс • 16 Сәуір, 2024

Отандық өндірушілерді қолдау қарқыны

Елімізде отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуде жаңа өнеркәсіптік саясатқа көшу, қайта өңдеуде жоғары кластерлерді құру мен елішілік құндылықтарды арттыру міндеттеріне баса мән берілген. Өткен жылы біздегі тауар өндірушілердің дайын тауар айналымы шамамен 39,4 млрд долларды құраған.

Қоғам • 13 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасады

Қазіргі таңда еліміз соңғы 80 жылдағы ең үлкен су тасқынына тап болып отыр. Соның салдарынан   алпыстан аса елді мекен сыртқы қатынаспен байланысын үзген. Әсіресе,  батыс,  шығыс  және солтүстік  өңірлеріндегі жағдай қиындап барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда,  соңғы екі күнде су басқан аумақтардан 80 мыңға жуық адам  эвакуацияланып, 4000 мыңнан  астам тұрғын үй мен 500-ге тарта  аула аумағы су астында қалған.

Сұхбат • 11 Сәуір, 2024

Салық әділ бөлінуге тиіс

Ел бюджетіне қайтарусыз әрі  өтеусіз міндетке кіретін ақшалай салық төлемдері соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік процестер арасында тепе-теңдік мәселесін шешуге жеткілікті бағытталмай тұр. Бұл ретте Тұран университеті «Қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Лутпулла Омарбакиевті сөзге тартқан едік.

Экономика • 02 Сәуір, 2024

Мұнайға сұраныс арта түспек

Әлемдік мұнай нарығының дамуына сұраныстың өзгеруі, саяси қақтығыстар және инновациялық технологиялар секілді түрлі факторлар өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл нарық қатысушыларына жаңа мүмкіндіктер мен жаңа сын-қатерлер тудырып жатыр. АҚШ Энергетика министрлігінің (EIA) энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметі бойынша, жақын арада әлемде мұнайға деген сұраныс артады деп күтіледі. Нақтырақ айтқанда, биыл мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 102,98 млн баррельді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млн-ға артық.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2024

Қазақстан-Қытай форумы: Сауда және экономикалық ынтымақтастық кеңейтілді

Таяуда Астана қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай – Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнінде  экспорттаушылардың екінші форумы  өтті.

Салық • 19 Наурыз, 2024

Кіріс көзінің кілтипаны

Бастапқы жоспар бойынша қосымша құн салығы (ҚҚС) өсімі бюджетке 2 триллион теңгеден астам кіріс әкелуге тиіс еді. Бұл мәселе өзектілігін жойған соң, қаражатты қайдан аламыз деген сұрақ туындады. ҚҚС көтерілуіне қарсы болған кәсіпкерлердің айтуынша, ең абзалы – бизнеске жағдай жасау, сонда Үкіметтің бюджет алдындағы жауапкершілігі жеңілдейді. Мәселен, Үкімет 1 жұмыс орнын ашу үшін 150 мың доллар жұмсаса, бизнесте мұны 15 мың доллармен шешуге болады екен.

Салық • 18 Наурыз, 2024

Қазынаға қомақты салық төледі

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушылары өткен жылдың соңына қарай ел бюджетіне 85,2 млрд теңге шамасында салық төлеген. Биыл қаңтар айын­да төленген салық сомасы 90 млрд теңгеден асып отыр. Мамандар бұл 2018 жылғы сомадан шамамен 60 есе көп екенін айтады. Осыдан екі жыл бұрын аталған орталықтың реттеу жүйесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) салық ашықтығы стандартына сай келді деп танылған.

Экономика • 06 Наурыз, 2024

Тығырықтан шығарар жол табылса...

Отандық өнеркәсіпте жетекші орын алатын 3 ірі және 30-дан астам шағын мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) жұмыс істейді. Мұнда бензин, авиациялық керосин, дизель отыны, мазут, битум, мұнай коксы және басқа да қажетті мұнай өнімдері өндіріледі.

Шаруашылық • 05 Наурыз, 2024

Құс өсіру неге тиімсіз?

Халықтың күнделікті сұ­ра­нысына ие азық-түлік тауарлары қатарына жа­­татын тауық еті мен жұ­мырт­қа дүкен сөре­ле­рін­де қолжетімді ба­ға­мен әрі жеткілікті мөл­шерде тұруы керек еді. Алайда қыс ортасынан ауа жұмыртқа бағасы көтеріледі. Соның ізін ала бірқатар сауда желі­сіне аталған өнімдерді жеткізіп беру бойынша елеулі қиындық туындайды. Бұл – жыл са­йын айна-қа­те­сіз қайта­ланатын құ­бы­­лыс.

Қаржы • 01 Наурыз, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендеді

Ұлттық банк (ҰБ) базалық пайыздық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұған жылдық инфля­цияның үш ай қатарынан баяулауы, әлемдік азық-түлік баға­сының төмендеуі және сыртқы инфляция динамикасы себеп болған.