Экология • 18 Маусым, 2024
Экология енжарлықты көтермейді
Астанада Климат және таза ауа коалициясы (CCAC) және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен (UNEP) бірлесе отырып, алыс қашықтықтағы ауаның трансшекаралық ластануы туралы әуе Конвенциясы негізінде экожүйені жан-жақты қадағалау және ауа сапасын жақсартуға қатысты экологтердің семинары өтті.
Шымкент • 13 Маусым, 2024
Шымкенттегі бір ғасырдан аса тарихы бар А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Халықаралық «Сөз» әдеби фестивалі өтті. Соның аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» деген поэзия және проза байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Бұл байқау осымен екінші жыл жалғасын тауып отыр.
Кино • 12 Маусым, 2024
«Disney» кейіпкерлері қазақша сөйледі
Осы аптада Алматыда «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің көрсетілімі болды. Оған елімізге танымал тұлғалар, дубляж актерлері, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. «Disney» мен «Pixar» компаниялары «Ойжұмбақ 2», «Disney» студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатымен қазақ және орыс тілдеріне аударды.
«Таза Қазақстан» • 12 Маусым, 2024
Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі
Бәрінен бұрын «бағаналы орда басты орданың» тазалығы аса маңызды екені – түсінікті жайт. Өйткені Астана тек қала ғана емес, аз жылдар ішінде үлкен туристік орынға айналып үлгерген шаһар. Бұған дейін бас қаламыз әлемдегі ең таза астаналардың отыздығына кірген еді.
Еңбек • 31 Мамыр, 2024
Еңбек құқын қорғаудың жаңа тәсілі
Еліміздің 3 мыңнан аса кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандартын енгізді. 2019 жылдан бастап 7 негізгі ережені көздейтін «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын жандандыру жұмысы басталды. Қазір 536 кәсіпорын осы тұжырымдаманы қолдап отыр.
Спорт • 29 Мамыр, 2024
Паралимпиадалық жаттығу орталығы кеңейеді
Мүгедектігі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына, өзін қоғамның тең дәрежелі мүшесі екенін сезінуге кедергісіз орта қажет. Өйткені бұл – ең бірінші кезекте адам теңдігінің кепілі әрі олардың саламатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау.
Қоғам • 28 Мамыр, 2024
«Ата жолы» картасына сұраныс артып келеді
Адам капиталын дамытуда еңбек нарығындағы сапалы кадрларды арттырудың маңызы зор. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында тиімді көші-қон саясатына тоқталып, шетелден білікті мамандарды шақырту керек екенін ескерткен еді. Мұндай талапқа сай келетін мамандар шетте туып-өскен өзіміздің қаракөздеріміз болса, құба-құп. Бұған «Ата жолы» бірегей картасының ықпалы зор болмақ.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Қазір смартфонды ашып қалсақ, желіде ұтыс ойнатып, жұрттан ақша жинап жатқандарды жиі көретін болдық. Блогерге 10 мың теңге аударып, парақшасына жазылып кетсеңіз болғаны, шетелдік қымбат көлік ұтасыз дегенге, тіпті бір үйір жылқы тіккені де бар. «Бұл неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?» дегеннің кебі. Сөйтіп, ертегідегі қасқырдай тегін құйрықты қарпимын деп сан соғып қалғандар көбейді.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Тебінгісіне тер қатқан салт аттылар 14 команда болып кеше таңғы 7.00-де Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанып кетті.
Байқау • 17 Мамыр, 2024
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Жазу-сызудың айналасындағы және өнер адамдарының бір сыпырасы бильярд ойынына құмбыл келеді. Бұл өзі – сиқырлы таяғын асынып, жасыл шұғалы алқапқа ақ бөкендей жосыған ақ шарларды үркітпей, біртіндеп ұяшыққа тоғытудан ләззат алатын қауым. Тіпті арасында жүлгесі үзілмеген, жүлдесі қомақты дәстүрлі турнирлер кәсіби бәсекелерден бір кем өтпейді.