Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
1923 материал табылды

Таным • 11 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Нашар оқығандарды емдейтін орталық

Шанхайда математика, физика, химия пәндерінен оқу үлгерімі төмен оқушыларға көмектесетін орталық ашылды.

Таным • 10 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Марстан қуат алатын батарея

Қытай ғалымдары Марс атмосферасынан қуат алатын батарея жасап шығарды.

Мектеп • 09 Қазан, 2024

Жекеменшік мектеп: сапасы мен сыны

Елімізде кейінгі жылдары жекеменшік мектептердің саны айтарлықтай өсіп жатыр. Сапалы білімге деген сұраныс пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау бұл саланың қарқынды дамуына әсер етті. Талабын қанағаттандырса, қалтасы көтеретін ата-ана баласын қатарының алды болсын деп ақылы мектепте оқытады.

Таным • 09 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Антарктидадағы жасыл желек

Антарктида – Жер шарындағы ең суық аймақ. Алайда жаһандық жы­лынудың әсерінен кейбір жерлері жасыл желекке орана бастады.

Мектеп • 08 Қазан, 2024

«Жайлы мектеп» – сенімді болашақ

Еліміздегі білім бе­ру стан­­­­дарттарын жаңар­­ту, инфра­құры­лым­­ды жақ­сарту және оқу­шы­­ларға қолайлы ор­та қа­лып­тас­тыру мақса­тын­да «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынған-ды. Қанатқақты жоба аясында салынған білім ошақ­тарының бір­ша­масы оқу­шыларды қабы­л­дап үлгерді.

Таным • 08 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: 100 жыл кешігіп жеткен хат

1916 жылы жолданған хат 2021 жылы Лондонның Кристал Палас ауданында тұратын театр режиссері Финли Гленнің пәтеріне келген.

Таным • 07 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Әлемдегі алғашқы 3D қонақүй

Техаста әлемдегі алғашқы 3D қонақ­үй жобасы басталды

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Балалық – кіршіксіз әлем

«Балалар әдебиетін жазу да баланың көзінің айналасын қаламмен сызу секілді. Егер дұрыс жаза алмасаңыз, қарашығын ағызып жібергеніңіз...», дейді ақын Ерлан Жүніс. Расында, баланың сана-сезіміне лайықтап кітап жазу кез келген қаламгердің қолынан келе бермейді. Ал біз жазғалы отырған кішкентай оқырманға арналған «Балғын дауыс» кітабы – автордың бала күнінде сәби көңілмен жазған жанды үні.

Ғылым • 29 Наурыз, 2024

Ғылым мен бизнес бірлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде отандық ғылымды дамыту және оның ел экономикасын нығайтудағы рөлін арттыру қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар беріп отырады. Жақында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да ұлттың бойындағы маңызды құндылықтардың бірі жасампаздық екенін атап өтті. «Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деді Президент. Иә, бұл салада жүзеге асырылып жатқан және атқарылуға тиіс шаруа шашетектен. Түйткілі шешілмеген тұстары да баршылық. Осы орайда Ұлттық ғылым академиясы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, отандық ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерді шешу жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға еліміздің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық басшылары қатысып, отандық ғылымның қызметін реформалау жөніндегі шараларға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, бизнестің өзекті мәселелеріне егжей-тегжей тоқталды.

Білім • 08 Наурыз, 2024

Үздік педагог

Әр мамандықтың өз қиындығы бар. Дегенмен ұстазға «ұлтты тәрбиелейді» деп үлкен жауапкершілік жүктелген. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде осы мәртебелі мамандық иесі атанып, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қызмет етіп жүрген 556 мың мұғалім бар. Олардың 80 пайызға жуығы – әйелдер. Барлығының еңбегі бас июге тұрарлық. Ал солардың ішінде үздік болу – жан-тәнімен ұстаздыққа өмірін арнау деген сөз. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы да – Оқу-ағарту министрлігі тарапынан «Үздік педагог» атағын алған ардақты ұстаздар.