
- Белгісіз нөмірден хабарласқан адамға жеке мәліметтеріңізді айтпаңыз. Банк картасының нөмірі, ЖСН, CVV-код, SMS-кодтар секілді ақпараттарды ешкімге бермеңіз.
- Банк қызметкерімін деп хабарласса, әңгімені тоқтатып, банкке ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.
- «Сіздің шотыңыз бұғатталды» немесе «Сіздің атыңыздан несие рәсімделді» деген қоңырауларға сенбеңіз. Банк ешқашан телефон арқылы осындай ақпарат бермейді.
- «Жақын туысыңыз қиын жағдайға түсті» деген қоңырауларға сенбеңіз. Бірден туысыңызға немесе оның жақындарына тікелей хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз.
- «Сіз жеңімпаз болдыңыз» деген хабарламаларға алданбаңыз. Егер сіз ешқандай лотереяға қатыспасаңыз, сізге ешқандай сыйлық түспейді.
- Егер белгісіз нөмірден хабарласса, оны интернеттен іздеп, алаяқтар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз.
- Құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, полицияға немесе банкке дереу хабар беріңіз.