Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
136 материал табылды

Медицина • 24 Мамыр, 2023

Хирургияның келешегі байыпталған конференция

Астана медицина университетінің ұжымы ғалым, хирург, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, елдегі хирургия және травматология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, профессор Гилен Цойдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Медицинадағы, соның ішінде хирургиядағы жетістіктер қаузалған конференцияда сала мамандарын даярлауға қатысты мәселе қамтылды.

Медицина • 19 Мамыр, 2023

Медициналық көмек сапасы көңіл көншіте ме?

Кейінгі жылдары халыққа сапалы әрі қолжетімді медицина­лық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласы біршама жүйеленгенін білеміз. Міндетті «әлеу­меттік медициналық сақтандыру» енгізілгелі сала маман­дарының жауапкершілігі артқаны байқалады. Өйткені сақтандыру қорына ай сайын жарнасын аударып отырған азаматтардың медициналық көмектің сапасына қатысты талап қоюы қалып­ты жағдайға айналып келеді.

Медицина • 16 Мамыр, 2023

Цифрлық медицина

Денсаулық сақтау саласына цифрлық жүйе дендеп енсе, қызмет көрсету сапасы едәуір жақсаратыны анық. Емханаларда ұзын-сонар кезек азайса, мұны цифрландырудың шарапаты деп білеміз. Себебі цифрлық жүйеге көшу – заман талабы.

Еңбек • 16 Мамыр, 2023

Еңбегі көп, еңбекақысы аз жұмысшы мәртебесін қайтсек арттырамыз?

Қоғамда өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын жетік білетін, еңбегі адал жастар да, жасамыстар да көп. Соның ішінде жұмысы ауыр, жаны сірі мамандарға сұраныс әлі де болса жоғары болып тұр. Мұндайда біз тұрақты табысы болмаса да кейбір мамандықтарға мұрын шүйіре қарайтындардың барын жоққа шығара алмаймыз.

Медицина • 11 Мамыр, 2023

Нейрохирургияның жаңа дәуірі

Нейрохирургия ми мен жұлын, омыртқа ауруларын емдейтін медицинаның негізгі бағыты саналады. Қазір ғылым бас жарақатын, ісікті, мидың функционалдық ауруларын, қан тамырларының патологиясын, эпилепсиямен қоса паразитарлы инфекцияларды емдеп-жазуға әлеуетті. Қысқасы, нейрохирургия дамыған сайын бұрын күрделі саналған операциялар қолжетімді болып, емі жоқ аурулардың дәруі табылып жатыр. Біле білгенге, осы жаңашылдықтардың басым көпшілігін 15 жылдық тарихы бар Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері тәжірибеге енгізген.

Қоғам • 08 Мамыр, 2023

Ана мен бала баспананы аңсап жүр

Тілеп алған жалғызының артық-кемдігіне қарамай бауырына басып, келешегінен медет күту – анаға тән асыл қасиет. Тегінде баланың да жақсы, жаманы болмас. Жанға бататыны, медицинаның мүмкіндігі жылдан-жылға кеңейгенімен, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар көбейіп келеді. Астана қаласының тұрғыны Айгүл Набиева да 17 жастағы баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қас-қабағына қарап, амандығын тілеп отыр.

Қоғам • 08 Мамыр, 2023

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Отан қорғаушы күні таяғанда елдегі еңбек ұжымдары азаматтарды құттықтап, мерейін асырып жатады. Мереке қарсаңында «Астана тазалық» кәсіпорнының ұжымы Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2023

Бурабайдағы «Парктер шеруі»

Президент іс басқармасының «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайын өтетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акция­сы көктем мезгілінің көрігіне айналғалы қашан.

Елорда • 27 Сәуір, 2023

«Шекарасыз шыңдар» фестивалі

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен сәуір айы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы болып белгіленген. Осыған орай күні ертең Астанадағы «KeruenCity» сауда орталығында аутизммен ауыратын балалар арасында спорттық құзға шығудан фестиваль өтпек.

Медицина • 26 Сәуір, 2023

Жеті айлық балаға операция жасалды

Жақында Ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды. Медицинада бауыр трансплантациясы күрделі операциялардың бірі саналады. Өкінішке қарай, бауыр ауруы асқынғанда оның трансплантациядан басқа тиімді дәруі табылмауы да мүмкін. Мұның бірден-бір айғағы ретінде жасқа жетпеген балаға жасалған күрделі операцияны айтуға болады.