Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
66 материал табылды

Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2023

Жүйедегі жүйелі жұмыстар

Медицина саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын өсетіні түсінікті. Әйткенмен, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылғанға дейін медициналық қызметтерге шамамен 1 трлн теңгенің төңірегінде қаржы бөлінсе, келер жылға сатып алу жоспары 2,8 трлн теңгені құрап отыр. Былтырдың өзінде МӘМС жүйесінде 11,4 млн адамға медициналық көмек көрсетіліпті.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2023

Демографияның дара жолы

Егемендіктің елең-алаңында отыз жылдан кейінгі халық өсімінің қалай боларын ешкім ойламаса керек. Ол кезде кеңестік ірі зауыт-фабрикалардың жұмысы тоқтап, елдің нарықтық экономикадан хабары бола қоймады. Өз алдына дербес мемлекет атанғанына тәубе еткен халықты «елдің болашағы жарқын болады» деген үміт, сенім жігерлендірді. Тәубе, жақында 20 миллионға жеттік деген хабарды естіп, төбеміз көкке жеткендей қуандық.

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023

Тұрғын үй бағдарламасының тиімдісі қайсы?

Нарық заманының талаптарына бейімделе бастағаны­мыздан болар, қазір «қаржылық сауат» деген тіркес, тіркес емес-ау, ұғым пайда болды. Үй алуды көксеп жүрген ағайын жиған-тергенін үнемдеп, басы артық кірісті шама келсе шотта жинауға әуестене бас­тады. Әйткенмен бірді екіге қосып, әупірімдеп жүріп үй алуды мақсат еткен отбасылардың барлығы бірдей тиімді шарттармен баспаналы бола бермейді. Күмәнді компанияларға ұрынып, сан соғып қалғандар да жоқ емес. Қоғамдағы осындай жайттарды ой елегінен өткізе келе, «Тұрғын үй алудың тиімді жолы қайсы?» деген сауалды дөңгелек үстелдің тақырыбына арқау еттік. Дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, «Отбасы банкі» Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова, экономист, қаржы сарапшысы Айбар Олжай, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова, тұрғын үй бойынша сарапшы Ұлан Дәулетқали тұрғын үй саласындағы өзгерістерді сараптай келе, ақыл-кеңесін де айтты.

Денсаулық • 12 Желтоқсан, 2023

Қызылшадан вакцина ғана құтқарады

Қазан айынан бері елдің барлық аймағында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған науқас көбейген. Жыл сайын қыс қаһарына мінгенге дейін жұқпалы аурулар біраз әбігерге салатыны бар. Сол секілді биыл қызылшамен ауырған бала көп. Дәрігерлер күзде балалардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы вакцина салмағаннан ауырғанын айтып, ескертті. Содан елемеген ауру азуын батырды. Біз Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барғанда жағдайдың мәз емес екенін түсіндік.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023

Қайта өңделген өнім үлесі ұлғайтылады

Кешегі шөбіне суы жететін Жамбыл өңірінде ауыл шаруашылығы саласын түлетіп, өнімді артығымен алуға мүмкіндік мол. Облыс басшылығы шаруаға су жеткізудің қамын біраз ойластыра келе жоба-жоспарын нақтылаған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тарқатып айтып берген еді.

Сұхбат • 01 Желтоқсан, 2023

Камалжан НАДЫРОВ: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті дәрігер даярлау

Медицина саласына қай кезде де тәжірибелі маман қажет. Мемлекет кадр даяр­­­лау ісін үйлестіріп отырған оқу орындарына сенім артады. Астана медици­на­­ уни­­вер­­ситетінің ректоры Камалжан Надыровпен сұхбаттасудың сәті түс­кен­­де­ ме­ди­цина мамандарын даярлаудағы жаңашылдықтар турасында сұраған едік.

Елорда • 01 Желтоқсан, 2023

Астана – іскерлік туризмнің бастауы

Бізге білінбес, бірақ жыл сайын курортты елдердің ірі компаниялары өзара бақталасып, туристерді тарту үшін түрлі қадамға барады. Қомақты қаржы қарастырып, жарнамаға жанын салады. Қоңыр­­жай климаттық белдеуде ор­налас­қан еліміздің табиғаты жаға­жай туризмін жандандыруға қолайсыз. Қаймығатын дәнеңе жоқ, білгенге туризмнің сан тараулы тармағы бар. Мысалы, шетелдік қонақтар Астанаға іскерлік туризммен келіп, сәті түсіп жатса, іргелес аудандарды аралап, өлкенің бай тарихымен танысуға тырысады.

Денсаулық • 30 Қараша, 2023

Қызылша дерті сейілер емес

Қызылшаға қарсы вакцинаны күні бұрын салдырып, аурудың алдын алуды ойлағандардан бөлек, вакцинадан үзілді-кесілді бас тартып отырған тұрғындар да жоқ емес. Соның салдарынан болар, қара­шада қызылшаның тіптен асқын­ғаны байқалып, жұқпалы ауруға қарсы жаппай иммундау басталды. Дәрігерлер қызылшаны өтпелі ауру санап, бейқам жүруге болмайтынын ескертеді. Өйткені ауру асқынып, беті қайтпаса, салдары ес жидырмауы мүмкін. Кейін­гі де­рек­терге сүйенсек, елімізде 17 мың­нан аса адамнан қызылша анық­талған. Олардың 82 пайызы ба­лалар болса, осы қатардағының көпшілігі – вакцина алмағандар.

Қоғам • 28 Қараша, 2023

Жаппай су үнемдеудің маңызы

Сарапшылар дамушы елдерде урбанизация үдерісі жоғары болатынын айтады. Қала халқының саны өскен сайын, суға жауапты мекемелерге салмақ түседі. Мұны үйлестіруге келгенде ұзақмерзімді жобалар қажет-ақ. Судың жайына Үкімет, өңір басшыларымен қоса шаруалар да алаңдаулы. Кейбір өңірлер «кеңесіп пішкен тон келте болмас» деп суды аз қажет ететін өнімдерді өсіруге ыңғайлана бастады. Құптарлық іс, су аз келетін мезгілде жоқтан бар жасаймын деп босқа шығындалудың қажеті қанша?!

Жоба • 24 Қараша, 2023

Статистика және цифрландыру

Ұлттық статистика бюросы «Demo day» іс-шарасын өткізіп, цифрлық трансформацияның нәтижелерін таныстырды. Бюро жоспарлаған Цифрлық трансформация портфелі 71 жобадан тұрады. Бұл межелі міндеттің 23-і биыл орындалса, басқа жобалар 2026 жылға дейін толық іске асады екен.