Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
135 материал табылды

Экономика • 19 Тамыз, 2025

Өндіріс – өңір дамуының қозғаушы күші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамытуды тапсырған болатын. Бұл орайда Президент өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашудың маңызына тоқталды. Отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті екенін айтты.

Тағзым • 14 Тамыз, 2025

Қазақ күйінің Генералы

Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында дәулескер күй­ші, Созақ ауданының құр­метті азаматы Генерал Асқаровтың 85 жылдығына арналған облыстық «Күй құдіреті» атты жас күйшілер байқауы өтті.

Қоғам • 14 Тамыз, 2025

Сегіз жастағы шебер

Сегіз жастағы Айдын Бекжанұлы ұялы телефондарды толық бұзып, қайта жинай алады. Бұзылғанын жөндеп, талай тұтынушының алғысын алып үлгерген жас шебер Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрады.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2025

Рухани қазына насихатталды

Түркістан өңірінде облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйым­дас­тыруымен «Абаймен ойлан, Абаймен тол­ған» атты онкүндік өтті.

Аймақтар • 26 Шілде, 2025

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Түркістан облысы Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны» ЖШС-ның «Оңтүстік Төртқұдық» жобасы аясында жаңа уран өңдеу зауыты іске қосылды. Қуаты жылына 2 мың тоннаны құрайтын жаңа зауыт Төртқұдық кен орнының оңтүстік бөлігінде өндірілген, құрамында уран бар ерітінділерді өңдейді.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Шілде, 2025

Жұмысшы мамандықтар үлесі артады

Түркістан облысында «Өңірлік жұмыспен қамту картасына» сәйкес 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылса, оның 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтарына арналған. Облыс­тағы 30 колледжде 16 мың­нан астам жас білім алып жатыр. Арнаулы оқу орындарында негізінен жұмысшы мамандар даярланады.

Қоғам • 04 Шілде, 2025

Ауызсудың әлегі: Өңірде 40 ауыл ауызсумен қамтылмаған, 129 елді мекенге кестемен беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Шаруашылық • 17 Маусым, 2025

Мақта шаруашылығында мәселе көп

Түркістан облысы – еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір. Бұл бағытта 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жыл сайын 120 мың гектарға жуық мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам шитті мақта жиналады. Мақтаға қатысты өзекті мәселелер де жыл сайын көтеріліп келеді.

Маман • 14 Маусым, 2025

Маңайына мейірім сыйлаған

Науқастың жанына дәрі-дәрмекпен қатар ақ көңілімен де шипа сыйлайтын, жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы дертінен айығуына себепкер болатын мейірбикелерге жүктелетін жауапкершілік көп. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақ­тылы көрсетіп, өз міндетін мінсіз атқаруына тікелей ­байланысты.

Аймақтар • 11 Маусым, 2025

Демалыстың берері көп

Түркістан облысы аума­ғындағы әр ауданның өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Мысалы, Отырар ауданының оқушылары таулы аудандарда демалғанды қалайды. Осы орайда Түлкібас ауданы Келтемашат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру лагері алғашқы ауысымына отырарлық 153 баланы қабылдады.