Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1857 материал табылды

Банк • 15 Наурыз, 2024

ЕДБ: Екінші инвестор қызығушылық танытты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы  Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен CFO саммитінде тағы бір шетелдік инвестордың отандық банкті сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Қоғам • 14 Наурыз, 2024

Алматыда CFO Summit Idea Exchange & Networking Event өтеді

Бүгін бірегей Алматы театрында өтетін «CFO Summit Idea Exchange & Networking Event» (бұдан әрі – CFO Summit) Алматы қаржы орталығының өміріндегі маңызды оқиға өтеді. Іс-шараға тіркелу ашық және cfosummit.kz ресми сайтында жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.

Банк • 13 Наурыз, 2024

«Bereke Bank»-ке Қатар «құда түсіп» жатыр

«Bereke bank»-ті (бұрынғы «Сбербанк Қазақстан») сатуға дайындық жүріп жатқаны, сатып алушы Қатардағы «Lesha Bank» инвестициялық банкі екені ақпан айының екінші жартысында белгілі болды. Оның алдында, 2023 жылдың екінші жартысынан бастап әлеуетті инвесторлар ретінде Қатар мен Грузия бизнесмендері аталды. Еуропалық қайта құру және даму банкі де қызығушылық танытты. Біздің банкті сатып алудан үміттілердің арасынан топ жарып шыққан «Lesha Bank» та осал емес. 2008 жылы құрылған. Бұрын «Qatar First Bank» брендімен жұмыс істеген. «Lesha Bank» инвестициялық банкі бизнестің түрлі саласына – медицина, бөлшек сауда, мұнай-газ секторына инвестиция құйған.

Алматы • 13 Наурыз, 2024

Алматы: Сейсмикалық аудит қалай жүреді?

Алматыны осы мәселе алаңдатып отыр. 2023 жылдың ақпанында Алматы әкімі Ерболат Досаев соңғы рет сейсмикалық аудит 2017-2018 жылдары өткенін, 2023 жылдың екінші жартысында және 2024 жылдың алғашқы жартысында қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастайтынын айтқан. Әкім сол кезде қаланың сейсмикалық зондтауы ескерілмеген бір шаршы метрі жоқ екенін, Абай даңғылынан жоғары орналасқан үйлердің бәрі 10 балл, төмен орналасқандары 9 балл жер сілкінісіне төтеп беретінін де алматылықтардың есіне салған.

Ауыл • 12 Наурыз, 2024

Бөлінген қаржы ауылға жетпейді

Ауылды көтеруге бағытталған бағдарлама мен құжаттардың саны көбейген сайын салада шешілуге тиіс мәселенің де көлемі ұлғайып әрі күрделеніп бара жатқандай. Сарапшылар ауылға бөлінген қаржы қолжетімді әрі тиімді болуы үшін Агробанк керек дегенді біраздан бері айтып жүр.

Қаржы • 11 Наурыз, 2024

Сақтандыру саласының жаңалықтары

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығының қатысушыларымен секторды қадағалау саясатының 2024 жылға арналған басымдықтарын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы өкілдерінің, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры басшыларының, сондай-ақ сақтандыру омбудсманының қатысуымен өтті.

Сараптама • 11 Наурыз, 2024

Е-commerce «мінез-құлқы» өзгерді

2019-2022 жылдардағы коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде электронды коммерцияның дамуын жеделдетті. Сарапшылардың пікірінше, e-commerce нарығының географиялық шекарасы жоқ. Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2026 жылға қарай B2C жаһандық нарығы 8,2 триллион доллар болады. Қазір ол әлемдік бөлшек сауда айналымының 5,7 трлн доллар немесе 19% деңгейінде (Оңтүстік Кореяда – 28%, Қытайда – 27,2%, Ұлыбританияда – 26,5%, АҚШ-та – 14,6%).

Экономика • 10 Наурыз, 2024

Пайдаланылған ауыл шаруашылығы техникасына субсидия беріле ме?

Қазақстан Үкіметінде импортталған ауыл шаруашылығы техникасына субсидияларды толығымен  алып тастау жоспарлары бойынша Қазақстанда қызып жатқан дауларға жаңадан ұсыныстар қосылды.  Әңгіме аграрлардың бес жылдан аспаған бұрынғы (пайдаланылған) техника мен жабдықтарды сатып алуы кезінде субсидиялар алу мүмкіндігі туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz  Jańa Dala  Green Day» ақпараттық орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.   

Экономика • 10 Наурыз, 2024

Фермерге таңдау құқығы беріледі

Агробизнес ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды өзгерту жөніндегі жоспарды талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 07 Наурыз, 2024

Баға өсімі баяулады: Құрылыс компаниялары демін ішіне тартып отыр

Былтырдан бері баспана нары­ғындағы баға өсімі баяулай бастады. Мемлекеттің тұрғын үй нарығынан шығуға ниет танытуы, соған байланысты жеңіл­детілген ипотекалық бағдар­ламалар санының шектелуі нарық бағасына әсер етті дейді сарапшылар.