Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1286 материал табылды

Тарих • 30 Желтоқсан, 2024

Тұлғалар тағылымын насихаттау – тарихымызға құрмет

Биыл ел тарихында есімі алтын әріппен әдіптелетін тұғырлы тұлғаларымыздың мерейтойлары кең ауқымда атап өтілді. Солардың ішінде ұлт ғылымының сардарлары академик Әлкей Марғұланның 120 жылдығы, археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдығы дара мәнге ие. Қос алыптың дара тұрар датасына орай ҚР Мемлекеттік орталық музейі халықаралық деңгейде ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырып, тағылымды шараға алыс-жақын шетел ғалымдары арнайы шақырылған еді. Осы ретте ауқымды жобаға ұйытқы болған Мемлекеттік орталық музейдің археология бөлімінің жетекшісі Набира Төрежановамен әңгімелескен едік.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024

«Алтын қалам» иегерлері анықталды

Қалам ұстаған қа­уым асыға күтетін «Ал­тын қалам» әдеби бай­қа­уының бас­тау ал­ғанына биыл 15 жыл толып отыр. Әде­би ор­тада танымал жо­ба арадағы үш жыл үзі­лістен кейін жаңа мау­сымын жариялап, қа­лам қуатымен жүзден жүйрік шыққан авторларды марапаттау рә­сімі Ықылас Дүкен­ұлы атындағы халық му­зыкалық аспаптар му­зейінде өтті.

Білім • 20 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай оқушы

Мектепте жүріп-ақ ғылым­мен айна­лысуға ден қойған жас зият­керлердің талабына сүйсіне қарай­сың. Алматы қаласындағы №15 гимна­зияның 9-сынып оқушысы Рауан Нұрлыбек – IT саласында айтарлықтай жетістікке жеткен талапты жастың бірі.

Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024

Ынтымақ пен ырыс мекені

Бекем бірлік пен тату тірлік – тәуелсіздік тұғырын биіктететін қуатты құндылық. Еркін елдің ертеңі еңселі болу үшін бауырмалдық пен жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық салтанат құруы керек. Еліміз зайырлы мемлекет ретінде қазақ жеріндегі түрлі этностардың еркін өмір сүріп, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен ділін сақтауға еш шектеу қойған емес.

Туризм • 12 Желтоқсан, 2024

Әсем Алматы – әлем назарында

Алматының таңғажайып табиғаты туристерге таптырмас қазына. Әсіресе қыс айларында ақ ұлпа қарға оранған асқар Алатау тіпті ажарлана түседі. Танымал итальяндық «Condé Nast Traveller» журналы Алматы туралы кең көлемді материал жариялап, әсем шаһарды Шығыс пен Батыс тоғысқан, дәстүр мен заманауи трендтер үйлесім тапқан мекен деп сипаттады.

«Таза Қазақстан» • 11 Желтоқсан, 2024

Жақсылық жасағы

Айналасына шапағат-шуағын шашып, өз ынтасымен қоғам дамуына қомақты үлес қосып жүрген еріктілердің қатары көбейгені көңіл қуантады. Алматыда осындай қайырымды азаматтардың басын біріктіретін 30-дан аса ұйым бар десек, еріктілердің саны 50 мыңнан асып жығылады екен.

Өнер • 04 Желтоқсан, 2024

Ән мен күй әуелеген кеш

Халқымыздың мәдениет кеңістігінде өзіндік орны бар өнер ордасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Өнер ордасының мерейтойлық жылы Республика сарайында өткен гала-концертте қорытындыланды.

Жоба • 04 Желтоқсан, 2024

Қаржылық сауатты арттыру жобасы қорытындыланды

Қазір қарыз қамытын кимеген кісі кемде-кем. Қолға түскен мәлі­мет­терге сүйенсек, елдегі әрбір үшінші адамның банк алдында берешегі бар. Қарызын қайтара алмай, проблемалық несие қорын толықтырып жатқан­дардың саны артқан. Мұның арты үлкен әлеуметтік мәселеге ұласып, күрмеуі көп күрделі жағдайға тап болғандар азаймай тұр.

Құрылыс • 27 Қараша, 2024

Тұрғын үй нарығында түйткіл көп

Тірнектеп тапқан қаржысын құйып, баспанаға қол жеткізбек түгілі басы дауға қалып табалдырық тоздырғандар аз емес. Жылжымайтын мүлік сатып аларда асығыстық танытпай, нысан құжаттарының заңдылығына толық көз жеткізіп алған абзал. Көздеген үйіңіздің құжаттарын қала құрылысын бақылау басқармасы арқылы тексеріп алуға болады.

Есірткі • 27 Қараша, 2024

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Нашақорлықтың жолын кесуге бағытталған кешенді қадамдар қолға алынғанымен, есірткіге есі кеткендердің саны азаяр емес. Ес-ақылдан ажырататын психотропты заттар талайдың өмірін талқандап жатыр. Жыл басынан бері Алматыда 19 есірткі зертханасы мен екі бірдей қойма жойылып, есірткіні жарнамалаумен айналысқан 100-ге тарта адам жауапқа тартылған.