
Әлем • 06 Ақпан, 2020
Сирияда Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады
Отандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан өз филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты барысында айтылған болатын.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2020
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті
Кеңеске мемлекеттік, құқық қорғау және әскери органдардың басшылары, судьялар корпусының өкілдері, мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, медицина мекемелерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары қатысты.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2020
Ыбырай ескерткішінің үздік жобасына байқау жарияланды
Алматы қаласының әкімдігі Ыбырай Алтынсарин ескерткішінің ең үздік жобасын жасағандарға республикалық ашық байқау жариялады.
Абай • 06 Ақпан, 2020
Алматыда Абай ескерткіші орнатылды
Қаланың айшықты жерінен орын алған хакімнің тағы да бір мүсіні Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды.
Руханият • 06 Ақпан, 2020
Жауынгерлік Ту ел аймақтарын аралайды
Алматы қаласында алауын тұтатқан «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында әйгілі панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырылды. Жалынды жауынгерлердің көзіндей болған символикалық мәні терең жәдігер 11 мың шақырымды артқа тастап, еліміздің барлық қалаларын шарлайтын болады. Айтулы рәсімнің Алматыдан бастау алғаны тегін емес. Өйткені 1941 жылы генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Алматыда жасақталған болатын.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2020
Панфиловшылардың Жауынгерлік Туы ел аймақтарын аралайды
Алматыда алауын тұтатқан «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында әйгілі Панвиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырылды.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
Алматы әкімі Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін тексерді
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмек беруді рәсімдеу жұмысының қалай жүріп жатқанын тексерді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Технология • 04 Ақпан, 2020
«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2020
«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталады
5 ақпан – 5 мамыр аралығында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы өтеді.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр
Алматыдағы Абай даңғылын батысқа қарай ұзарту мақсатында тұрғын үйлерді сүру жұмыстарының белсенді кезеңі басталды. Қазіргі уақытта «Қалқаман» ықшам ауданындағы Арман көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта Абай даңғылы дәл осы көшемен жалғасатын болады.