
«Біз біргеміз» акциясына білек сыбана кіріскен еріктілер қиын сәтте қаладағы жалғызбасты қариялардың қас-қабағына қарап, олардың ешбірін назардан тыс қалдырмауға тырысып бағуда. Оларға арнап аптаның жеті күнінде әр түрлі тағам дайындалмақ. Қамкөңіл жандарды күніне бір уақыт тамақтандыру акциясына танымал өнер адамдары мен спортшылар да үлес қосуда.
«Қарты бар елдің қазынасы бар. Біз ізгілік пен қайырымдылықтың айналасында топтассақ алынбайтын қамал жоқ. Жаратушы жар болса бұл қиын күндер де артта қалар. Ең бастысы елдігімізді танытып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Мұқтаж жандардың тізімін жасап, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз дейді», ерікті Мақсат Дүйсенов.