
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Алматылық соғыс ардагеріне Президенттен хат келді
Ақпан айының басында Ұлттық ұланның жауынгерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» тағзым эстафетасы аясында әйгілі Панфилов дивизиясының жауынгері, Алматылық Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаевтың үйінің ауласында салтанатты шеру ұйымдастырған болатын. Ардагер өзіне көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдаған еді. Көп кешікпей Мемлекет басшысынан жауап та келді.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Алматы қаласының аудандарында республикалық «Көктем-2020» атты командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтті. Республика бойынша өтіп жатқан көктемгі дайындық шаһардың барлық ауданында күшейтілген. Жауаптылар биыл қалада сел жүру қаупі жоқ деп отыр. Оған қар көлемінің нормадан аз түсуі себеп.
Абай • 27 Ақпан, 2020
Алматыда Абай мұрасын асқақтатқан кеш өтті
Ұлт руханиятының алтын бесігіне баланатын Алматы төрінде Абай әндері әуелеген әсем кеш өтті. Республика сарайында шымылдығын түрген мазмұнды шарада поэзия мен музыка салтанат құрып, ойшылдың ілімі жаңа сипатта көрініс тапты. Айтулы кешке Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматы әкімі құрылысшылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Жас суретшілер көрмесі Абайға арналды
Алматыда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бейнелеу өнері көркем туындыларының көрмесі ашылды. «Білгенге маржан» деп аталған көрмеде жас суретшілердің таңдаулы туындылары қойылған.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді
Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «ОТАН АНА» ІІІ Республикалық жас орындаушылардың байқауы өтеді.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Мүгедектерді жұмыспен қамтығандар субсидияланады
Алматыда 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Алматыдағы қисайған үй қалпына келтіріледі
Өткен жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып дабыл қаққан еді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізген болатын.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Алматылық оқушы бизнес форум өткізді
Алматылық мектеп оқушысы Алан Машен әлемдік кәсіпкерлердің басын қосып, бизнес форум ұйымдастырды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Заңсыз қару-жарақ сатқандар сотталды
Алматыда заңсыз қару-жарақ сатқандар сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.