
Жылжымалы емдеу мекемесінде Алматы мен Алматы облысындағы короновирус жұқтырғандар жергілікті ауруханаларға сыймаған жағдайда осы әскери госпитальға жатқызылады. Мұнда заманауи медициналық құрылғылар жеткілікті. Ондағылар Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы бойынша әрекет етеді. Жылыту және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етілген госпитальде тазалыққа қажетті жабдықтар мен жуыну бөлмелері де жұмыс істеп тұр.